Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Шабуылшылармен бетпе-бет келгенде қақпашы алдамшы қимылдарды жиі қолданады. Алдарқату ретінде бір жағын жалған жабу арқылы келесі бөлікті жабу қолданылады. Алдын ала бағ- дарын болжай алмаған шабуылшыға қарсы екі жағына да иілу әдісін пайдаланған дүрыс. Бүл қақпашының айласын «үққан» шабуылшы бағыттаған допты кері қайтаруға мүмкіндік береді. Жалған шығуды жиі қолданады. Бүл шығуға допты лақтыру- мен жауап беруші шабуылшы әрекетіне қақпашы кері қайтып, оны қайтарады. Допты қағып алу - қақпашының ең маңызды ойын элемент- терінің бірі. Дегенмен, қатты лақтырылған допты үстау мүмкін болмағанмен, оны кері қайтару мен қайта шабуылды бастау үшін оны тез меңгеруі тиіс. Бүл үшін қақпашы допты үстап алады. Негізінен екі қолды пайдаланған жөн. Допты үстап қалу қақпашы әрекетінде негізгі орын алады. Бүнда ең маңыздысы - доптың лақтыруылу күшін тежеу болып табылады. Бүл үшін соққы сәтінде қояды, білезік пен саусақтарды артқа жібереді. Жақындап қалған допты қақпашы ұстап қалады. Қақпашы допты бір немесе екі қолмен, қолмен және аяқпен, сонымен бірге түлғамен де үстап қалып, кері қайтаруына болады. Жоғары үшқан допты қақпашы бір немесе екі қолымен қағып алады. Егер доп жанынан ұшса, дәл тию бұрышын азайту үшін қақпашы жанына секіреді, қадам жасайды немесе алға шығады. Ұстап қалуды иық алдымен немесе соған жақын қолдың ұшымен орындайды. Кейде бүл амалды қүлай секіріп орындайды, бүл онша тиімді емес, себебі көп уақыт дайындық қимылына шығындалып, допты кері қайтару бағдарын білу мүмкін болмай қалады. Бүл қимылдардың барлығын негізгі тұрысты сақтап, тепе-теңдікті ұзақ жоғалтпай орындаған дүрыс. Қақпаның томен жағына лақтырылған доптарды қолмен және аяқпен бір мезгілде қайтарады. Доптың ұшу бағытын анықтаған қақпашы дене салмағын алшақ тұрған аяққа түсіріп, табан допқа қарай бүрылып, еденнен сәл ғана көтерілуіне жол беріп, ал боксе мен тізе арасындағы бүрыш 90°-қа жуық болуын қадағалап, допқа жақын аяққа кеңінен қүлайды. Бұл бағытта аттас қолдың алақанын алға жібереді, ал келесі қолды жоғары көтереді, ол тепе-теңдікті сақтауға 289

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==