ұстаған ыңғайлы, яғни аяқ жартылай бүгілген және иық деңгейінде түр, дене салмағы екі аяқка түсіріліп, табанның алдыңғы бөлігіне ауысады, тұлға алға сәл иілген, қолдар жартылай бүгілген екі жанында, алақандар иық биіктігінде алға қараған. Шетінен лақтырғанда қақпашы толық қапталдағы түрысқа шығады, аяқтар әдеттегіден алшақтау орналасқан (15-20 см). Қақпаға жақын қол жоғары көтеріліп, шынтақ буынында біршама бүгілген, ол қақпаның жоғарғы бұрышын жабады. Келесі қол жанына жіберіледі. Дене салмағы қақпаға жақын аяққа түсіріледі. Осы қалыпта қақпашы допты кері қайтарады немесе алға шығады. 182-сурет. Қақпашы турысы Қозгалу. Қақпашы қақпада негізінен бір аяғын үнемі тірек етіп нығыз қадамдап қозғалады. Бүл бағытты тез өзгертіп, үнемі допты кері қайтаруға мүмкіндік береді. Кенеттен берілген допты қағып алып, оны ойынға қосу үшін қақпашы тез сөреге түрып, бетімен және арқасымен еркін әрі шапшаң қозғала алуы тиіс. Қақпашы көбіне қүлау және шпагатқа отыру жағдайына душар болады, сондықтан ол бүл қимылдарды кез-келген жаққа еркін орындай білуі тиіс. Оның ойынында көптеген секірулер үлкен орын алады. Алысқа үшқан допты көбіне қүлай секіріп қағып алуға ғана болады. Бүл жағдайда тепкіні секіру бағытына жақын аяқпен орындайды. Қонуы жүмсақ, қүлаумен орындайды. Лақтырушыға қарсы шығу мен секіру - қақпаны қорғаудың ең маңызды әдістерінің бірі. Дәл тию бүрышын азайту үшін қақ- пашы биіктікке немесе ұзындыққа секіріп, доптың қақпаға енетін қысқа жолын бөгейді. Үшқанда ол әдетте лақтырудың мүмкін бағыттарының барлығын түгелдей қамтуға тырысып, қолдары мен аяқтарын кең жаяды. 288
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==