Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Финтптер. Команданың барлық ойыншысы финтті меңгеру керек, оларды доппен де, допсыз жасауға болады. Допсыз алдарқату шабуылшының қорғаушыдан қүтылуына және жақсы қалыпты алып, олардың өзіне деген назарын басқаға аударуға көмектеседі. Доппен алдарқату қарсыластың белсенді қарсы әрекетінен қүты- лып, ойлаған мақсатын кедергісіз атқарып аяқтауға көмектеседі. Оларды допты беруде, лақтыруда және асыруда қолданады. Финт- тер өте күрделі қимылдар, өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: жағдайға қолайлы тәсілдік амал пайдаланылатын баяу алдарқату қимылы мен негізгі шапшаң қимыл. Финтті қарапайым және екі немесе одан да көп амалдар қол- данылатын күрделі деп екі топқа бөлеміз. Бір қимылдан екінші қимылға ауысуға кеткен уақыт аз болған сайын қарсыласты жеңіп шығу мүмкіндігіне де жол ашыла түседі. Допты беруде әдістерді өзгерту финттерін қолданады, яғни беруді орындау сәтін аялдату мен бағытын өзгертеді. Ең кең тара- ған финт-бүл алдап лақтырып доп беру болып табылады (бастан асыра, арқасынан немесе жанынан). Лақтыруда мыналар тиімді: - беру мен лақтыруды бір әдіспен алдап орындап, соңынан басқаға лақтыру; - қорғаушыдан асыра секіре қонып алдап лақтыру; - бір қолмен алдап сермеп, допты келесі қолға өткізіп, лақтыру, т.б. Қорғаушыдан айналып өткендегі алдарқатудың маңызы ерекше. Бұл бір немесе екі қадамды қимыл болуы мүмкін. Алдамшы қимыл ретінде қадамды, қүлауды, бүрылуды және беруді, т.б. пайдаланады. Қагщан құру. Бүл шабуылшыны қорғаушылар қоршауынан қүт- қаратын тиімді қүрал. Қалқан қүруды бір (жалғыз) және бірнеше (топ) ойыншылар орындауы мүмкін. Оны ойыншылар доппен де және допсыз да жасай береді. Қалқанды түрыстық және қозғалыс- тық деп бөледі. Әсіресе соңынан бұрылып және қалқан қоюшының тайқып кететін қалқан түрі барынша әсерлі. Қою орнына қарай сыртқы және ішкі қалқан деп екіге бөлінеді. Топтық қалқан еркін тоғыз метрлік лақтыруды орындағанда пайдаланылады (бірнеше шабуылшы бір-бірінен тығыз орналасып, қорғаушының допты алған ойыншыға деген жолын бөледі). 285

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==