178-сурет. Қапталга кулау арқылы лақтыру Жабық тұрыстан лақтырудың кең тараған түрлерінің бірі - бүгілген қолмен қырынан лақтыру болып табылады. Оны бел, бөксе және тізе биіктігінде орындауға болады. Сермеу жоғарыдан лақтыру- дағыдай орындалады. Қайшылау қадам жасаған ойыншы лақтыруға арналған бастапқы қалыпта түрады; аяқ алшақ қойылған, дене салмағы артта түрған аяққа түскен; добы бар қол артқа жіберілген, түлға қақпаға қырынан бүрылып, лақтырушы қол жағына қарай иілген. Келесі сәтте лақтырушы салмағын алда тұрған аяққа салып, қақпаға кеудемен бұрылып, добы бар қолды шынтақтан бүгіп, алаңға қатарлас жібереді. Сосын қолды тіктеп, иықалды, саусақтар, білезік бірінен-соң бірі қатысатын қамшылау қимылымен допты қақпаға жібереді. Қимыл соңында қолдың алақанын жоғара қаратып бүрады. Бүкіл лақтыру жалпақ тасты су бетіне лақтыру қимылын еске түсіреді. Допты қорғаушыдан алшақ әкету үшін тірек аяғын оның аяғының сыртқы жағына қою үтымды (әдетте оң жағына). 283
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==