Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

177-сурет. Алга кулау арқылы бүгілген крлмен жогарыдан лакупыру Жанына ауытқып және қүлау мен бүгілген қолмен жоғарыдан лақтьгру жабық тұрыстан шабуылдауға мүмкіндік береді. Қапталға ауытқып лақтыру қойылған қорғаннан қашу үшін шабуылшы лақтыруды орындағанда түлғаның жоғарғы бөлігін еркін қол жағына қарай иеді. Екі немесе бір аяққа тіреліп, допты тастайды. Допты бастан асыра бағыттайды. Еркін немесе лақтырушы қолмен жанына қүлай лақтыру шабуылшыдан бұдан да алшақ кетуге мүмкіндік береді. Бұған қарама- қарсы жаққа жасалған алдын ала алдамшы лақтыру да көмектеседі. Алдарқатудан соң тағыда алға бір қадам жасайды. Қорғаушыға жақындаған шабуылшы артқы қапталға тез ауысады. Салмақты бүгілген тірек аяғына (оң қолмен лақтырғанда сол аяққа) түсіреді. Ойыншы қүлағанда добы бар қолды артқа жіберіп, сонымен өзі алаң бетіне шалқадан жату қалпында болады. Қонар алдында ол қақпаға кеудесімен бүрылып, қорғаушылардың қолдары арасыннан допты нысанаға бағыттайды. Секіріп қапталға қүлаумен бүгілген қолмен жоғарыдан лақты- руды қақпашы алаңының сызығынан негізінен сызықтан және арттағы шабуылшылар шабуыл жасауда жиі қолданылады. Допты алған соң шабуылшы тез алты метрлік сызыққа шығып, тепкі аяғының табанын соған қатарлас қойып, аймаққа секіре өтеді. Бүнда допты екі қолмен ұстайды. ¥шуда оны лақтырушы қолға ауысты- рып, сермеуді орындайды. Допты лақтырған соң шабуылшы қонады. Аттас аяқпен тебіліп, лақтырушы қол жағына қарай қүлауда алаңға бірінші тепкі аяғы, сосын қолдар тиеді. Келесі аяқпен тебілгенде қону ауыса бүрылумен жүргізіледі, яғни алаң бетіне бірінші еркін қол мен сермеу аяғы тиеді. 282

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==