Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қол добы. Қол добына арналған алаңды жабдықтау екі қақпадан және төрт бұрыштағы жалаушалардан түрады (жалаушыларды ойын барысында қояды). Қақпаның биіктігі 2 метр, ені 3 метр болуы тиіс. Қақпаның ұстындары мен маіьдайшаларын ағаштан жасайды. Қол добы алаңы: 1-қақпа; 2-қаптал сызығы; 3-ортаңғы сызық; 4-қақпа алаңы; 5-айып добын салу сызығы; б-еркін доп салу 4.2. Ойын тәсілі. Гандбол ойынын доппен немесе допсыз орындалатын арнайы амалдар көмегімен жүргізеді. Оны шабуыл тәсілі және қорғаныс тәсілі деп бөледі. Шабуылдағы ойын тәсіліне допты қағып алу, алып жүру және допты қақпаға лақтыру жатады. Қорғаныста қорған қою, допты кері қайтып алу, допты алып қою, сол сияқты допты қақпада үстап қалу жатады. Әрекетке дайындық ойынға жіті назар салуды және айқын бастапқы қалып - түрысты қамтамасыз етеді. Жоғары, орта және төменгі түрыс деп бөлінеді. Оны ойын барысында таңдайды. Орта тұрыс жиі қолданылады: аяқтар жартылай бүгіліп, қадам ендігіне қойылған, ал түлға біршама алға еңкейген, қолдар тік және еркін түсірілген. Әдетте алаңда барынша шапшаң әрі үнем қимылдайтын ойын- шы әсерлі қимылдайды. Гандболда баскетболдағыдай қозғалады, бірақ қозғалыс мәні артады, себебі үлкен көлемдегі алаңда ойнау- шыларға көп қозғалуға тура келеді. Сондықтан, әрбір гандболшы тез 276

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==