Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
ч -тарау. Ұйымдастырушыльтқ мінез-құлық негіздері □ 185 2. Компанияларға өзінің қоршаған ортаны қорғау, этикалық сала және басқа әлеуметтік қызметін сипаттайтын, әлеуметтік жауапкершілігі бар инвестицияларға қол жеткізу мүмкіншілігін береді. Компанияларды әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан бағалайтыи бірнеше индекс бар. Ол FTSE4Good, Dow Jones Sustainable Index, т.б.; З.Операциялық шығындарды қысқарту; мысалы, өндіріс қалдықтарын азайту арқылы немесе электр энергиясының пайдалануының тиімділігін көбейту немесе қайта өңдеген матери- алдарды сату арқылы; 4.Брендті «жақсарту» және компания абыройын көтеру. Бұл компанияға бизнестің жаңа бағыттарын ашады; б.Тұтынушылардың адалдығын сақтау, сауданы котеру, (түтынушылар өнімнің табиғат пен қоршаған ортаға зиянсыз екенін білгісі келеді, кейбір тұтынушылар тіпті ондай өнімге көбірек ақша төлеуге дайын ); 6. Өнімділікті және өнімнің (қызметің) сапасын жоғарылату; 7. Қызметкерлерді қызықтыру және «ұстап қалу» (кез келген адам құндылығы оның құндылығымен бірдей компанияларда жүмыс істеуді қалайды); 8. Билік органдарының тарапынан наразылықты азайту; 9. Тәуекел басқарудың нәтижелілігін арттыру; 10. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылагу. Заманауи компаниялар қазіргі таңда практикалық жүйелер мен корпоративтік әдеп, жоғары әлеуметтік жауапкершілік деңгей сияқты нәрселерге мұқтаж. Бүл жерде ең керектісі ол бизнестегі өзара қарым-қатынастардың, халықаралық стандарттарға сай келу және оларды қолдану. Осы жағдайда материалдық және материалдық емес құндылықтарының пайда болуы, жүмыс орындарының қосылуы немесе азаюы, қызметкерлердің адал жүмыс істеуі арқылы әлеуметтік функция жүзеге асырады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==