Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

184 0 Үйымдастырушылық міиез-құлық X асады. Компаниялар әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүргізеді. Әлеуметтік қорғансыз қалған қоғамның қарттарына көмек корсету акциялары, бала мен жасөспірімдерге жәрдемдесу шаралары, шаруашылық, тұрмыстық-коммуналдық салаларды дамыту шара ­ лары, жергілікті білім және спорттық ұжымдарға демеуші болу, жергілікті мәдени, тарихи ескеткіштерді қорғап, сақтау шара ­ лары, әлеуметтік тұрғыда маңызды зерттеулерді қолдау және қайырымдылық акцияларына қатысу, тағы сол сияқты іс шаралар жүргізеді. Алтышиы багыт — адал іскерлік тәжірибе. Оның мақсаты- мекеме жабдықтаушылары, бизнес-серіктестері, клиенттері арасындағы өзара қарым-қатынастың әділетті де адал болуы. Бұл- жабдықтаушылар, бизнес-серіктестер, клиенттер және басқа да қатысы бар тұлғаларға деген ақпараттық ашықтық. Ақпараттық ашықтық дегеніміз - басқару, түтынушылар қауымдастығы, кәсіби бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдармен жұмыс істегендегі әділдік, қарым-қатынастың ашық және тура болуы. Мысалы, темекі сататын компаниялардың кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі сатудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттік басқарма, түтынушылар қауымдастығы және түрлі кәсіподақтық үжымдар сияқты қоғамдық ұйымдармен қызметтес болуы. Компанияның нәтижелі әлеуметтік саясаты оның негіз- гі қажеттіктерін жүзеге асыруға және бәсекелестікке қатысуға мүмкіншілік береді. Бұл қоғамның, инвесторлардың, акцио- нерлердің мекемеге деген сенімін арттыра түседі, сонымен қатар мекеменің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды. Әлеуметтік жауап- кершілігі бар бизнес қолайлы әлеуметтік ортаның келешекте үзақ мерзімді және дамуда тұрақты болуын қамтамасыз егеді. Әлеуметтік жауапкершілік - әр тұлга өз еркімен тавдайтын, заң талаптарынан тыс жатқан түсінік. Ол — қоғам қүндылықтарын байытатын кәсіпкерлердің ерікті міндеті, өз еркімен қабылданған шешімі. Заманауи ұйымдар үшін әлеуметтік жауапкершілік мына мүмкіншіліктсрді береді: 1. Пайданың өсуі - бизнестің осуін қарқындата түседі;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==