Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

X 1-тарау. Үйымдастыруіпылық мінез-құлық негіздері □ 183 мекемедегі дарынды қызметкерлерді ұстап қалуды мақсат ететін қызыметкерлердің даму стратегиясын қамтиды. Компанияның қызметкерлерді дамыту туралы әлеуметтік бағдарламалар келесі бағыттары пайдалана алады: үйрету және кәсіби машықтарының жетілдірілуі, қызметкерлердің әлеуметтік пакеттің пайдалануы, демалыс жағдайларын жа- сау, ішкі қарым-қатынастырды жақсарту, қызметкерлердің басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысушылығы, т.б. Екінші багыт - денсаулық сақтау және қауіпсіз еңбек орпга- сы. Ол компанияның әлеуметтік бағдарламасындағы денсаулық сақтау және жүмыс орындарындағы қауіпсіздікті көздеген, заңмен бекітілген нормаларға негізделген шарттары. Жоғарыда айтылған компанияның әлеуметтік белсенділігін қамтитын бағдарламалар мыналар: еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, мекемедегі қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету, санитарлық-гигиеналық шарттардың орындалуы, меке- меде бала туу мен ана болуға қолдау көрсету, кәсіптік сырқаттың алдын алу шаралары және т.б. Үшінші багыт - әлеуметтік қайта қурылы.мдау — дегеніміз қайта құрылымдауға шақырған қызметшінің жағдайы үшін жаса- лынатын компанияның әлеуметтік бағдарлама (әдетте мекемеде жүзеге асырылатын құрылымдық озгерістерге байланысты кәсіби қайта даярлау, жұмысқа тұру жәрдемдесу, ақпараттық науқандар мен іс шаралар жүргізіледі, қызметтен қысқартуға түскен қызметкерге өтемдік төлемдер төлеу). Төртініиі багыт - табиги ортаны к,оргау қызметі және ре- сурстарды үнемдеу шаралары — қоршаған ортаға зиянды әсерді қысқартуды мақсат етеді. Табиғи қорларды үнемді түгынуға, қайтадан пайдалану және қалдықтарды кэдеге жаратуға шақырады, қоршаған ортаның ластануын алдын алу шаралары, экологиялық қауіпсіз өндіріс процестерінің жүргізілуі, көлік тасымалдарының экологиялық қауіпсіз болуы, көгалдандыру акциялары жэне меке ­ меде «сембіліктердің » жүргізілуін, т.б. шараларды қамтиды. Бесінші багыт - жергілікті қауымдастықты дамы ту — эр тұлға жергілікті бірлестіктің дамуына үлесін қоса отырып жүзеге

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==