Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

X 1-тарау. Үйымдастырушылық мінез-қүлық негіздсрі □ 179 Әлеуметтік басцару тәсілдері - бұл ұжым, топ, жұмыс- шыларға қатысты мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір корсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құ- райды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі. Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-қүлқына түрлі ықпал етудің түрлерін белуге болады: 1) тікелей (бұйрық, тапсырма); 2) мотивтер мен қажеттіліктер арқьглы (ынталандыру); 3) қүндылықгар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.) 4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (әкімшілік жәие бейре- сми үйымдарда, т.б. еңбек жағдайларын, статусты өзгерту). Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесі тұрғыда бөлінеді: 1) топ құрамының мақсатты қүрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жүмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты); 2 топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, бас- қару стилін жетілдіру, әлеуметгік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану); Кәсіпорынды әлеуметтік үйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады: а) ресми және бейресми қүрылымдарды үйлестіру (жоспар- ланған және нақты байланыс пен нормалар арасындағы қарама- қайшылықгарды жою); ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдер қабылдауға жұмылдыру, өндірістің кейбір басқарушыларын таңдау, еңбек ак- тивтілігін арттыру және т. б. арқылы); б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, түр- мысты жақсарту және басқа шаралар). Жалпы алғанда, ұйым сол персоналдың жұмыс ортасы бо- лып табылады, сол себепті сол мекемелерде персоналды басқару

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==