Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

170 □ Ұйымдастырушылық мінез-құлық X Менеджерлер өз қызметтерін жүзеге асыру барысында кей жағдайда қарсылық күшін мәжбүрлеу жолымен бәсеңдетуге тыры- сады. Негізінен олар адамдарды жасырынтүрде немесе ашық қауіп төндіру (жұмыстан шығару, қызмет баспалдақгарымен қозғалыс, жалақысы аз жұмысқа ауыстыру, т.б.) арқылы өзгеріспен келісу- ге мәжбүрлейді. Мәжбүрлеу өзге әдістер жұмыс істемегенде ғана қолданылуы тиіс. Тәжірибеде менеджерлердіңжиі жіберетін қателігі қарсылықты бәсеңдетудің бір ғана әдісін немесе шсктеулі көлемін жағдайга тәуелсіз пайдалануы болып табылады. Сондықтан да жоғарыда қарастырылған қарсылықтың алдын алудың әдістерін менеджердің орын алған ахуалға сойксс қолдана білуін оның біліктілігінің және тәжірибесінің көрсеткіші деп қарастыруға болады. Бейімдеуші тәсілдеме үйым ішінде қарсылық білдіруді азайтқанымен, өзгерістің баяу жүруіне алып келеді. Бұл тәсіл өзгерісті жақтаушылардың қолында әкімшілік билік болмаған кез- де қолданылады. Дағдарыстық басқару шекті қажеттілікте ғана қолданылады. Басқарылатын қарсылық білдіру жеделдіктің төменгі жағдайында қолданылатын, бірақуақыттыңбелгілі бір аралығында оңтиімділік беретін орташа нүсқа болып табылады. Егер түрлендіругс қажеттілік артса, аталмыш әдіс мәжбүрлеуші сипатқа айналуы мүмкін жәнс керісінше басшылықта уақыт қоры болса, ол бейім- деушілік белгілерге ие болады. Мүндай қасист оиы «аккордеон» әдісі деп атауға мүмкіндік берді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысын ­ да жоспарлау және жобаны іске асыру процестері қатар жүреді. Әйтсе де, бүл ұйым басшыларының түрақты назар аударып оты- руын талап ететін едәуір күрделі әдіс болып табылады. И.Ансофф аталмыш әдіске артықшылықбергенімен, стратеги- яны жүзеге асырудың оңтайлы жолын таңдау өзгеріске қарсылық білдірудің күіпіне тәуелді болады. Өзгерістер, егер олар дүрыс жүргізілген болса, жүйелік сипатта болады. Бұл оның ұйымның барлық жағын қамтитынын көрсетеді. Сонымен үйымда өзгерістерді жемісті жүргізу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==