Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
6-тарау. Ұйымдағы өзгерістер □ 169 Ч Өзгерістерді жоспарлау және жүзеге асыру барысына қызметкерлерді қатыстыру арқылы өзгеріс бастамашылары олардың пікірлерін білуге және кеңестерін қолдануға мүмкіндік алады. Дж. Коттер мен Л.Шлезингер көптеген менеджерлердің стратегияны жүзеге асыру процесіне персоналды қатыстыру мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін атан өтеді. Мснеджерлердің бір тобы бүл процеске қызметкер міндетті түрде қатысуы қажет деп санаса, келесі бір тобы мүны үлкен қателік деп санайды. • комек және қолдау; Адамдардың өзгеріске қарсылық білдіруінің бір себебі олардың өзгеріс процесінен соң қажетсіз болып қалудан қорқуымен түсіндіріледі. Сондықган да үйымға өзгерісті енгізу барысын- да қызметкерлерге менеджер тарапынан жаи-жақгы комек пен қолдау қажет. Бұл, мәселен, қызметкердің жаңа дағдыға үйренуіне, оны қайта даярлауға мүмкіндік берумен немесе персоналды жал- пы психологиялық қолдау арқылы көрініс табуы мүмкін. Аталмыш әдістің кемшілігі оның көп уақытты талап ететіндігімен байланысты. • келіссөздер және келісім; Ұйымда жеке қызмеДкерлер мен топтар тарапынан қарсылық білдіру деңгейі өте күшті болғанда, менеджерлер ымыраға келу- ге тырысуы қажет. ЬІмыраға келгеннен соң өзге әдістерді (қатысу, көмек, қолдау, т.б.) қолдануға болады. Келісімге келу - күшті қарсылықты жеңудің салыстырмалы түрде жеңіл жолы болып есептеледі, әйтсе де бұл менеджер үшін қымбатқа түсетін әдіс. • айла-шарғы және кооптация; Бұл әдіс қарсылық дәрежесі күшті болғанда қолданылады. Мүнда бастысы - ақпараіты талғамалы пайдалану және жағдайды өзгеріс бастамашысына тиімді болатын сипатта баяндау. Айла- шарғыныц неғүрлым көп таралған формасы - кооптация. Оның мәні өзгерісті жүзеге асыру барысында қызметкерлердің басым бөлігі сенім білдіретін адамға шешуші ролді үсыну болып табылады. Ко- оптацияны өзгеріс процесіне қатысумен шатастыруға болмайды, мүнда озгсріс бастамашылары рөл ұсынылған адамнан кеңес емес, тек қолдау күтеді. Сонымен бірге кооптацияның көптеген теріс салдарға ие арзан және жеңіл әдіс екенін атап өткен жөн. • айқын және айқын емес мәжбүрлеу;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==