Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

164 □ Үйымдастырушылық мінез-құлық X 3. Адамдардың психологиялық қарсылық білдіруі, мұның өзі экономикалық, саяси, үйымдастырушылық, түлғалық, әлеуметтік, мәдени себептерден туындауы мүмкін. Американдық ғалымдар Дж. Коттер мен Л.Шлезингер қарсылық білдіру мәселесін зерттей отырып оны туындататын не- гізгі себептерді жүйелеп үсынды: - эгоистік мүдде, бұл адамдардың табиғатына сәйкес үйым мүддесінен өзінің жеке мүддесін жоғары қоюын білдіреді; - стратегия мақсаттарын дүрыс түсінбеу және стратегияны жүзеге асырушыға сенім білдірмеу, мұнда ақпараттьщ жет- кілікті болуы оте маңызды рөл атқарады; - стратегияны немесе өзгерісті жүзеге асыру салдарын түрліше бағалау, бұл стратегия мақсаттарын түрліше қабылдаумен тығыз байланысты; - өзгеріске шыдамсыздық таныту, бүл адамдардың психологиялық параметрлері бойынша кез келген өзгеріске кері қарауын білдіреді. Өзгеріске қарсылық білдіру мәселесін талдай отырып, ұйымдағы стратегиялық өзгеріс барлық қызметкерлердің қарсылығын тудырмайтынын атап өту қажет. Белгілі ғалым О.С. Виханский үйым қызметкерлерінің өзгеріске қатынасын неғұрлым нақтырақ сипаттайтын «өзгеріс-қарсылық білдіру» матрицасын ұсынды. Ғалымның пікірінше өзгеріске қатысты а) өзгерістің қабылдануы немесе қабылданбауы; ә) өзгеріске қатынастың анық немесе жасырын түрде корінуі сияқты екі фактордың комбинациясы ретінде қарастыруға бо- лады. Матрица бойынша қызметкерлердің терт түрлі позици- ясы ажыратылады: жақтаушы, қарсы, бәсең жақтаушы және қауіпті элемент. Бұл позицияларға түсініктеме беретін болсақ, «жақтаушы» өзгерісті қабылдаған және өзінің бүл пікірін ашық көрсете білген қызметкерді, «қарсылық білдіруші» керісінше өзгерісті қабылдамаған және оны ашық дәлелдеген үйым мүшесін, «бәсең жақтаушы» өзгерісті іштей қолдайтын, яғни, өз ойын ашық айтпаған адамды,ал «қауіпті элемент»өзгеріске қарсылықты және өз ойын жасырын ұстаған қызметкерді білдіреді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==