Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
ч 6-тарау. Үйымдағы озгерістер □ 163 Өзгеріске қарсылық білдіруге тән белгілерді өзгерісті жүзеге асыру барысында және жүзеге асырғаннан кейін байқауға болады. Өзгерісті енгізу процесі кезіндегі қарсылық білдіру төмендегі бел- гілермен сипатталады: • өзгеріс процесі басгалуының баяулауы немесе мерзімінің ұзартылуы; • өзгерісті баяулататын және онымен байланысты шығын- дарды арттыратын болжанбаған кідірістер; • үйым жұмысшыларының өзгеріске қарсы бағытталған әрекеттері; Ал, өзгерісті жүзеге асырғаннан соң үйымда өзгерістің баяу жеміс беруі және өзгеріске дейінгі жагдайға қайта оралуға бағьггталған қозғалыстар байқалуы мүмкін. Қарсылық білдіру өзгеріс жылдамдығына тікелей тәуелді бо лады. Нақтьтрақ айтқанда, қарсылық білдіру өзгеріс жүзеге асатын уақытқа кері пропорционал болады. Қарсылық белсенді немесе бәсең болуы мүмкін. Өзгеріске қарсылық білдіру мәселесінде, әсіресе, оның алдын алуда оны туындататын себептерді анықтап алудың маңызы зор. Д.Кэмпбел, Дж. Стоунхаус, Б.Хьюстон сияқты ғалымдар үйым жұмысшыларының қарсылығын негізгі төрт фактормен байланыс- тырады: • бірініиіден, өзгеріс әсерін сезінетін қызметкерлерде озгеріс және оның бөлшектері туралы толық түсінік жоқ, • екініиіден, бағынушылар басшылыққа сенім білдірмейді, • үшініиіден, бағынушылардың өздерінің жағдайына не месе әлеуметтік мәртебесіне алаңдауынан туындайтын қорқыныш, • төртіниііден, болашаққа сенімнің болмауы. Ал, ресейлік ғалым В.Р.Весниннің пікірі бойынша қарсылық білдірудің негізгі үш себебі бар: 1. Берілген режимде және гұрақтылықта қызмет етуге тырысушылық; 2. Өзгеріс процесін кідіртетін үйымның барлық субъек- тілерінің өзара байланыстылығы;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==