Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

162 □ Ұйымдастырушылық мінез-қүлық ғана мүмкін болады. Егер ұйым сыртқы өзгерістерге сай түрленсе мұндай ұйымдық өзгерісті басқару стилі рационалды инкремента- лизм деген аталады. Үйымдағы өзгерісті ұйымда өзгеріс менеджментінің тиім- ділігін қамтамасыз ету үшін өзгерістің барлық түрін, кәсіпорын ішіндегі функционалды сала түрлерін, барлық жүйелердің өзара тығыз байланысын әрқашан естен шығармай, басқару жүйесінің функционалды жүйесінің саласы бойынша тікелей топтастыруға болады. 6.3 Өзгерістерге қарсылық білдіру және оларды жеңу Өзгеріс мәселесін пысықтау барысында өзгерістің не үшін жасалатынына, қалай озгертілетініне ғана емес, сонымен қатар, озгеріс қалай қабылданады, қандай күштер және қандай формада қарсылық білдіреді деген сұрақтарға назар аудару өте маңызды бо ­ лып келеді. Қарсылық білдіру дегеніміз - күтілмеген кідірістерге, қо- сымша шыгындарға және стратегиялық өзгеріс процесінің түрақ- сыздығына алып келетін көпқырлы процесс болып табылады. Мінез-қүлық теориясы тұрғысынан алып қарағанда, қарсылық білдіруші топтар мен жекелеген адамдардың өзара әрекетінде үтымдылық туралы түрлі түсініктердің орын алуы болып санала- ды. Ал стратегияны зерттеушілердің пікірі бойынша, қарсылық білдіру ұйымдағы иррационалды мінез-қүлықтың, нақтылықтың жаңа өлшемдерін мойындаудан бас тартудың және логикалық ойдың қорытындысын тәжірибеде қолданудың нәтижиесі болып табылады. Қарсылық білдіру әрқашан кез келген өзгеріске жауап ретінде көрініп отырады. И.Ансоффтың түжырымдауынша, компанияның стратегиялық бағдарындағы елеулі өзгерістер қалай жүргізілгеніне қарамастан, ұйым ішіндегі қарсылыққа ұшырайды. Осы орайда еле- улі стратегиялық түрлендірудің озгеріс процесінде ғана емес, стратегиялық жоспарлау барысында да қарсылық туындататы- нын атап өткен жөн. Арнайы әдебиеттерде өзгеріске қарсылық білдіру мәселесіне ерекше назар аударылуы оның маңызды іргелі мәселелер қатарында екендігій көрсетеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==