Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
6-тарау. Ұйымдағы озгерістер “ ] 161 Ч руды, әрекеттің айқын жоспарын және өзге мамандардың аз қатыстырылуын талап стеді. Страте гияның бүл түрпаты кез келген қарсылықтың алдын алуға және жоспарланған істі орындауға мүмкіндік береді. Континуумның келесі шетінде стратегия өзгерістің неғұрлым баяу процесін, әрекеттің аса айқын емес жоспарын, мамандарды көптеп тартуды талап етеді. Стратегияның мұндай тұрпаты қарсылықты барынша азайтуға арналған. Континуумньщ бойымен солға қарай қозғалған сайын мәжбүрлеуге бағытталған тенденциялардың көбеюі және өзге стратегияны қолдануға тырысушылықтың азаюы байқалады. Ал, оңға қарай қозғалыс барысында керісінше қүбылыстар орын алады. Жоғарыда аталған факторлар, нақтырақ айтқанда, соңғы торт фактор менеджердің таңдауына гана емес, өзгеріс стратегиясының стратегиялық континуумдағы орнына да ықпал етеді.Түсінікті бо- луы үшін бүл мәселені кеңірек қарастырайық: 1) Күтілетін қарсылықтың дәрежесі мен түрі - басқа фак- торларды тең деп қарастырған жағдайда, қарсылық күшті болған сайын оған тосқауыл қою да қиындай береді, сондықтан менед- жерге қарсылықты төмендету жолын іздеу үшін континуумның бойымеи оңға қарай бағдарлануға тура келеді. 2) Өзгеріс бастамашысының қарсылық білдірушімен қатысты жағдайы - бастамашының күші немесе өкілеттігі әлсіз болған сайын континуум бойымен оңға қарай қозғалыс байқалады. Ал, керісінше бастамашының билігі күшті болса, онда ол солға қарай қозғалыс жасайды. 3) Өзгерісті жоспарлауға және жүргізуге қажетті ақпаратқа ие тұлға - өзгеріс бастамашылары басқа қызметкерлер тарапынан ақпарат пен жауапкершілік қажеттігін анық сезінген сайын олар оңға қарай бағыт алады. 4) Тәуекел факторы - тәуекелділік дәрежесі жоғарылаған сайын континуум бойымен солға қарай әрекет жасалуы қажет. Жоғарыда талданған жағдай менеджерге дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді және оңтайлы таңдау континуумның неғүрлым оң жақ белігінен жасалады. Қорыта айтқанда, өзгерісті табысты жүзеге асыру таңдалған стратегия жағдайдың басты ерек- шеліктерімен сәйкес келгенде және тізбекті түрде жүргізілгенде 11 -3/56-14
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==