Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

158 □ Ұйымдастырушылықмінез-құлық 1- кезең: Қысым және итермелеу. Ұйым басшылығы өзгеріс қажеттілігін сезінуі қажет. Өзгеріс қажеттілігін сезіну ішкі және сыртқы факторлармен байланысты. Өзгеріс қажеттілігін сезіну басшылықты өзгерісті жүргізуге итермелеуі керек. 2- Делдалдык, және назарды кбайта багыттау. Басшылық өзгерістіц қажеттілігін сезінгенімен, талдау жасай алмауы не- месе өзгерісті қажетті деңгейде жүргізе алмауы мүмкін. Бүдан жағдайды объективті бағалауға мүмкіндігі бар сыртқы консуль- танттарды тарту қажеттілігі туындайды.Ол өзгерістің қажеттілігін және осы қажеттіліктің туындауының шын себептерін білуі қажет. Бүл күтілген өзгерістің орын алуы үшін өте маңызды. 3- кезең: Диагностика және түйсіну. Бұл кезеңде басшылық сәйкес ақпаратты жинайды, мәселенің пайда болу себептерін анықтайды. Бүл процесс қажетті ақпаратты нақтылау үшін басқарудың төменгі деңгейлерін де қамтуы тиіс. Дүрыс диагностика нақты мәселені мойындауға алып ке- леді. Мұнда ұйым қызметкерлерін тиімді пайдалану, олардың диагностикаға және шешім қабылдауға қатысуының жоғары дәрежесін қамтамасыз ету өте маңызды. Басшылықтың біржақты әрекеті әскери саладағы секілді үйымның ерекше түрпатында ғана өзін-озі ақтайды. Басқа қалған жағдайларда мәселенің сипатына, персоналдың өкілеттілікті қабылдауға әзірлігіне жәнс т.б. байла ­ нысты өкілеттіліктердің белгілі бір бөлігіне делегирлеу жүргізу қажет. Делегирлеудің маңызды артықшылықтарының бірі ол болашақтағы өзгеріске қарсылық білдіру мүмкіндігін азайтады. 4- кезең: Жаца шешім табу жэне оның орындалуы бойын- ша міндеттемелер. Менеджерлер әрқашан жаңа, стандартты емес шешімдер іздеуге тырысу қажет және ол қызметкерлердің қолдауына ие болуы қажет. 5- кезең: Сынақтан откізу және аныцтау. Әдетте, ұйымдар ірі өзгерістерді сирек жүргізеді.Түрлі эксперименттердің көмегімен өзгерістердің мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау қажет. Бұдан басқа, эксперимент белгілі бір бөлімшелер мен тұлғаларға қосымша өкілеттіліктер мен қосымша дайындықгы өзгеріс про ­ цесс неғұрлым тиімді жүргізу үшін анықтауы мүмкін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==