Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
ч 6-тарау. Үйымдағы озгсрістер □ 157 раларды жүзеге асыруды ұсынады. «Ерітуге» импульс ішкі не- месе сыртқы фактор болуы мүмкін. Мәселен, нарық дағдарысы қызметкерлерді өзгерістің дағдарыстың қажетті салдары екендігі- не сендіруі мүмкін. Жаңа деңгейге қарай қозғалыс жасау алдын ала жүзеге асырылатын өзгерістің қажеттілігін анықтайды. Бүл фазаны қамтитын уақыт әр қилы болып келуі мүмкін. «Қатыру» («блоктау») өзгерісті тіркеу және үйымның алдыңгы жағдайына қайта оралмауы үшін қажет. «Блоктаудың» қажеттілігі, әсірссе, мәдени өзгерістер түсында көбірек байқалады. Ұйымдық өзгерістер жүргізілетін функционалдық салаларға қатысты мынадай төрт түрге бөліп қарастырылады: стратегиялық, техноқүрылымдық, персоналды басқару жүйесіндегі және байла- ныстырушы процестегі өзгерістер. Үйымдағы өзгерісті басқарудың ең қарапайым үлгісін Л. Гей нер ұсынған. Тәжірибеде өте сәтті жүзеге асырылатын аталмыш үлгі алты кезеңнен түрады (25-сурет). 25-сурет. Л.Гейнер үлгісі: ұйымдық озгерістерді басқару
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==