Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
154 □ Үйымдастырушьтлық мінез-құлық ша әртүрлі адамдар мен топтар одақтастығы болып табы- лады; көптеген манызды шешімдер жеткіліксіз ресурстарды бөлумен байланысты - кім және қанша алады, ресурастың жеткіліксіздігі мен жанжалдар ұйымдарда маңызды рөл атқарады, ал билік ең маңызды ресурс болып санала- ды, мақсаттар мен шешімдер көптеген мүдделі жақдар арасындағы билік үшін күрес, мәміле және келіссөздер ба- рысында пайда болады. Үйымдық өзгерістер сыныптамасының базалық белгілері оның айрықша қүрамы мен терең мәні туралы типологиялық мазмұнымен толықтырылады (жай жэне күрделі өнім, өнімді түрлендіру (модификация), технологиялық прогресс, қызмет корсету). Өзгерістің әрбірі ғылыми-техникалық қызмет процесінде мемлекеттік, салалық жэне фирмалық өндіріс пен қарым-қатынас иерархиясында әзірленуі мүмкін. Үйымда болатын өзгерістердің төмендегі түрлерін қарасты- руға болады. Й. Шумпетер өзгерістердің негізгі бес түрін бөліп көрсетеді: 1) жаңа техниканы, жаңа технологиями қолдану немесе өндірістің жаңа нарықтық (сагу-сатып алу) қамтамасыз етілуі; 2) жаңа құрамдағы тауарды енгізу; 3) жаңа шикізатты қолдану; 4) өндірісті ұйымдастыру мен оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіндегі өзгерістер; 5) жаңа өткізу нарығының пайда болуы. Й. Шумпетер және басқа да зерттеушілердің сыныптама- сын қолдана келе, үйымдық өзгерістердің келесідей обьсктілерін белуге болады: меншік формасы, ұйымдық-қүқықтық форма, мақсат, құрылым, технология (өндірістік, басқарушылық, мар кетинг™ және т.б.), өнім, өндіру қүралы, еңбек пәні, персонал, ұйымдық мәдениет, билік. Өзгерістерді тарату деңгейі бойынша локальдық (ұйымның жеке бір бөлімшесіне эсер ету), жүйелік (компаиияны толығымен қайта қүру) және (бірнеше ұйымды қамтитын, мыса- лы, қосылу, жүтылу, т.б.) деп белуге болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==