Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

152 □ ¥йымдастырушылықмінез-құлық айтқанда, бұл “ үйымның қандай бөлігінде өзгерістер болуы мүмкін ” деген сұраққа жауабы болады. Үйымдық өзгерістер мазмұндьтқ (не өзгерді?) және процестік (қалай өзгерді) құрамадан тұрады. Өзгеріс мазмұны - уақыт аралығында сапа, нысан немесе бел- гілі бір ұйымдық элемент айырмашылығын эмпирикалық бақылау. Өзгеріс процесі - ұйымдағы бақыланган мазмүнды өзгеріске алып келетін жағдай дәйектілігі . Үйымдық өзгеріске жататындар. • негізгі құрылымда — іскерлік белсенділік сипаты мен деңгейі, құқықтық құрылым, қаржыландыру көздерінің меншігі, халықаралық операциялар және олардың өзара іс- әрекеті, диверсификация (әртараптандыру), қосылу, бірік- кен кәсіпорындар; • міндет пен қызметте - тауар ассортимент! ( сұрапталымы) және көрсетілетін қызмет жиыны, жаңа нарық, жабдық- таушылар мен клиенттер мен жабдықтаушылар; • қолданылатын технологияда - құрал-жабдық, еңбек құралдары, материал және энергия, технологиялық про ­ цесс, кеңсе техникасы; • басқару қүрылымы мен процесінде - ішкі ұйым, ецбек про- цестері, басқару және шешім қабылдау процесі, ақпараттық жүйе ; • ұйымдық мәдениетте - қүндылық, дәстүр, бейресми қатынатар, мотив және процесс, басшылық стилі; • адамдарда - басшылық және қызмет персоналы және олардың қүзіреттілігі, мотивация, мінез-қүлық және жүмыстағы тиімділік; • ұйым қызметінің тиімділігінде - ұйымның қоршаған орта- мен байланысын бағалау үшін қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да корсеткіштер, өз міндетін орындау және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану; • қоғам мен іскерлік ортадағы үйым беделі. Жалпы ұйымдық өзгерістерге байланысты тәсілдемелердің негізгі моделін топтастыруға болады. Олар: ұйымдық тәсілдеме,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==