Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

150 □ Үйымдастырушылық мінез-құлық ҮЙЫМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 6.1 Үйымдағы өзгерісгер: мәні, мацызы, түрлері және негізгі тәсілдемелері «Өзгерістер дегеніміз - даму», бұл тезис қазіргі таңда замана- уи үйымдар үшін өте озекті. Себебі басқару жүйесі салаларында, басқарудың барлық деңгейінде, әлеуметтік-экономикалық аясында жаңартпалар үрдісі жүріп жатыр. Ол өзінше қозғалтушы күш бо- лып есептеледі. Сондықтан ол үрдісті егжей-тегжейлі білу және жаңартпаларды іс жүзінде қолдану үлкен тиімділікке жетелей- ді. Өзгерістер әлемдегі барлық құбылыс сияқты үдайы дамумен байланысты. Мүндай өзгерістер ұйымдарда мына өзгерістермен айқын көрінеді: ұйым көлемінің, іс-әрекетінің, өнімінің, өткізу нарығының, құрылымының және тағы басқаларының өзгеруі . Сонымен, үйымдық өзгерістер дегеніміз - ұйымның ішкі жағдайына әсерін тигізетін және де ұйымға толықтай қатысты өзгерістер. Үйымда болып жатқан өзгерістер ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болуы мүмкін: Өзгеріске эсер ететін келесі сыртқы факторларды бөліп қарастыруға болады: - ортақ пайдаланатын технологиядағы өзгеріс; - жаңа білімнің қалыптасуы; - өнімнің ескіруі; - бәсекелестіктің әсері; - аймақ немесе мемлекеттегі экономикалық өзгеріс; - түтынушылардың мінез-құлқындагы және сүранысындағы өзгеріс; - ресурстардың қолжетімділігі; - қогамның саяси-қоғамдық өміріндегі өзгерістер;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==