Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
90 3€ Тәуекел-менеджмент 3 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР Кәсіпкердік тәуекелдің мэні және сипаттамасы 1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні Кәсіпкерлік тәуекел бұл кәсіпкерлік саланың әр түрінде туын- дайтын тамақ, тауар өндірісімен, қызмет көрсетумен жэне олар- дың жүзеге асуымен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, комерциямен, сонымен қатар ғылыми-техникалық жобалардың жүзеге асуымен байланысты тәуекелмен түсіндіріледі. Кәсіпкерлік салада тәуекел -жетістікке бағытталған пайда табу мен шығынды азайту арасындағы қажетті балансты,сонымен қатар кәсіпорын- ның жалпы саясатына, оның саласына және бизнес планға инте- грацияланған. Кэсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесіне эсер ететін барлық факторларды алдын ала есептеуге болмайды, ейт- кені олардың көбі күтпеген жерден өзгеруі мүмкін. Барлық кезең- дерде қызметтің орындалуы кезінде кэсіпкер шығынға ұшырауы мүмкін, экономикалық табыс алу үшін саналы түрде тэуекелге ба- руға шешім қабылдау қажет. Сондықтан кәсіпорын тэжірбиесіне менеджмент тәуекелін енгізу тұрақты дамуды қамтамасыз етеді, гәуекел жағдайында шешім қабылдауды жоғарылатады, қаржылық жағдайды бақыланатын жағдайда барлық қызмет түрінің орында луы арқасында жақсартады. Кэсіпкерлік тәуекелді кэсіпкердің қызметін алдын ала жоспар- ланған нэтижемен салыстырғанда алдын ала күтпеген себептерден туындайтын және табыстың дэрежесін көрсететін экономикалық санат ретінде түсінуге болады. Тэуекелді жағдайлар кэсігікерлік фирманың ішкі жэне сыртқы жағдайларына тэуелді. Келесілермен анықталады: - жүмыстарға жэне қызметтерге,өндірілетін өнімге деген сұраныс деңгейінің болуы - нарықтар, каналдар мен өткізу көлемінің болуы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==