Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

2. Тәуекел-менеджмснттің негіздері 87 қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету; - жұмысшыларды өндірістегі жазатайым жағдайлардан және уақытша аурудың салдарынан еңбекке жарамсыз болудан міндетті түрде сақтандыру. Жоғарыда аталған басқарма міндеттері толық болып са- налмайды. Олар жүмыстың нақты түрлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі арқылы, еңбек кодексі норма- ларымен және басқа да заңдармен және нормативті актілермен, сонымен қатар, әріптестік келісімдер мен шарттар, ішкі еңбек тәртібімен байланысты толықтырылады.Басқарманың барлық ла- уазымды түлғалары өз қызметінің шегінде өздеріне бағынышты жүмысшыларға сау және қауіпсіз еңбек шартын жасауы қажет. еңбекті қорғаудағы мемлекеттік басқару еңбекті қорғау саласын- дағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырумен, осы саладағы заңды нормативті актілерді құрастырумен, со ­ нымен қатар, жүмысшыларға сау және қауіпсіз еңбек шартына кепіл беретін өндірістің заттарына, технологияларға және еңбек ұжымына талаптармен бекітіледі. Заңнамалық және атқарушылық билік органдардың атынан мемлекет жұмыс берушілермен бірігіп кеңес беру есебімен, кәсі- би бірлестіктер олардың сәйкесінше органдарының және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлерінің атынан, еңбекті қорғау саласында келісілген саясатты іске асырады және кезең бойынша қайта қарастырады. Өндірістік жабдықты заманауи жаңғырту жэне техника қа- уіпсіздігін қатаң сақтау кәсіпорындағы өндірістік тәуекелдің деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіподақтар мен басқа да өкілді органдар кәсіпорындағы өн- дірістік тәуекелді бақылау мақсатымен еңбекті қорғауға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, сонымен қатар, еңбекті қорғау мен кәсіби аурулар мәселелерін ретгейтін құқықтық нормативтерді және басқа да актілерді қүрастыруға қатысуға то- лық қақылы. Тәуекелді басқарудағы технологиялық әдістер кәсіпорында неғұрлым алдыңғы қатарлы және тиімді технологияларды қүра- стыру мен енгізуге негізделген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==