Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
82 3€ Тәуекел-менеджмент жұмысшыға рекреациялық мүмкіндіктерді ұсыну мақсатымен оның қызметін бейтараптандыруға бағытталған. 5. Тәуекед - менеджменттің өндірістік әдістері Тәуекелді басқарудың өндірістік әдіс жүйесі ұйымның негізгі қызметін іске асыру барысында туындайтын жарамсыз жоғалту- ларды, өндірістік жарақатгар мен басқа да штаттан тыс жағдайлар- ды азайтуға бағытталған. Ол өзіне екі негізгі кіші топты қамтиды: басқарудың техникалық әдісінің кіші тобын және технологиялық әдістердің кіші тобын. Тәуекелді басқарудағы техникалық әдіс ұйымның өн- дірістік-техникалық базасыидағы қолданыстағы сенімді артты- руға бағытталған. Бұған екі негізгі тәсілмен қол жеткізуге болады. Біріншіден, өндірісте неғұрлым заманауи және алдыңғы қатарлы құралдарды пайдалану есебінен. Екіншіден, техника қауіпсіздігін қатаң сақтау есебінен. Өндірістік парктің уақтылы жаңартылуы кез келген өндірістік қызметтің тиімділігінінің ажырамас шарты болып табылады. Ол қарапайым немесе кеңейтілген өндірістің процесі барысында іске асады. Қарапайым молайту ескірген негізгі қорларды аусытыру мен күрделі жөндеу болып табылады. Кеңейтілген молайту түбегейлі жаңа жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ жабдықтарды қолданы- стағы паркін кеңейту және жаңғыртуды көздейді. Мұндағы негізгі мәселе жаңа жабдықты алуға және қолданы- стағы жабдықты модернизациялауға жүмсалатын қаражат болып танылады. Қарапайым молайту кезінде, негізгі қорды жаңарту үшін қажетті қаражаттың үлкен бөлігі амортизация нәтижесінде қалыптасады. Амортизация - негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құ- нын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қы- зметке) бІрте-бірте көшіру жолымен олардың қүнын өтеу үдерісі. Амортизация процесі бекітілген нормалармен қатал түрде іске асады. Амортизацияның нормасы болып амортизациялық ееепте- улердің жылдық сомасының негізгі қордың жалпы қүнына есепте-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==