Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
76 Тәуекел-менеджмент Менеджерге элеуметтік талаптардың мәнісі адамдарды басқа- ра алуы болып табылады, соның ішінде: - өзінің тікелей бағыныштыларын, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін білу; - кәсіпорын мен жұмысшыны байланыстыратын жағдайлар- ды білу; өзара тиімді негізде екі тараптың да мүдделерін қорғау; - фирманың еңбек ұжымының бірлігін жэне дүрыс функци- ялануын қамтамасыз ету. Әдетте басшы бағынушыларына билік етеді, себебі бағы- ныштылар жалақыны арттыру, қызметтік міндеттемелер, қызмет бабы бойынша өсу, құзыреттілігін кеңейту, әлеуметтік қажеттілік- термен қанағаттану сияқгы сұрақтар соған байланысты болған- дықтан тәуелді. Алайда кейбір жағдайларда бағыныштылар бас- шыға билік ететін жағдай болады, басқа да бөлімдердегі адамдар- мен бейресми байланыстар, бағыныштылар өздерінің әріптестері- не эсер етуі мүмкін, жэне бағыныштылардың міндеттерді орындай алу қабілеті. Билікпен қатар тэуекелді басқару жүйесінде маңызды рөл- ді көшбасшылық алады. Көшбасшылық - бүл жеке түлғаларды ұйымның мақсатына қол жеткізуге бағыттай отырып эсер ету қа- білеті. Көшбасшылар өз жағдайын билікке қол жеткізе отырып жэне оны басқа адамдарға қатысты қолдана отырып алады. Көшбасшы болу мүмкіндігін айқындайтын маңызды факторлар болып жасы, лауазымы, кәсіби құзыреттілігі, жүмыс орнының орналасуы, кэсіпорын бойынша жүріп-тұру бостандығы саналады. Кез келген көшбасшының сүйеніші - оны үжыммен тануы. Кез келген көшбасшы екі негізгі функцияны атқарады: бірін- шіден, ол топқа оның мақсаттарына жету үшін көмектеседі, екін- шіден, оның өмір сүруін қолдайды және нығайтады. Кейде бүл функциялар эртүрлі адамдармен орындалады. Онда еңбек үжы- мында екі көшбасшы пайда болады. Үйымда билікті қалыптастыру жэне көшбасшылыққа эсерді менеджер ұстанатын стилді басшылық көрсетеді. Еңбек ұжымының құрылымын іске асыру жэне оңтайланды- ру үйымдағы шағын топтардың арасында оңтайлы арақатынасты жэне тиімді өзара эрекеттесуді қамтамасыз етуді болжайды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==