Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

2. Тәуекел-менеджменттің негіздері 75 лік серіктестеріне де кеңнен қолданылады. Экономикалық тежеу- лердің негізгі құралдары болып айыппұлдар, түрақсыздық айыбы, өсімпұлдар және т.с.с. болып табылады. 4. Тәуекеддерді басқарудағы әдеуметтік және психологи- ялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері, мазмұны Тәуекелді басқарудың әлеуметтік әдістерінің негізгі мақса- ты болып ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұйымда ұйымдсқан бірыңғай жұмыс күшін қалыптастыру болып табылады. Тәуекелді әлеуметтік басқарудың шеңберінде негізгі үш бағытты анықтауға болады. Бірінші бағыт ұйымда нақты билік- тің және жетекшіліктің қалыптасуын болжайды. Екіншісі еңбек үжымының ресми және бейресми құрылымымен ұтымды тығыз байланысқан. Үшіншісі бірыңғай ұжымдық мәдениетті жасау мен дамыту болып табылады. Үйымдағы билік орнықты нақты жағдайларда туындаған әле- уетті мүмкіндігі оның қызметінің тәуекелін азайтуға мүмкіндік бе- реді. Тұрақты лауазымды иеленуші және фирма қызметінің нақты түрлеріне қатысты өкілеттілігі бар басшы болғандықтан, билікті қалыптастыруда негізгі рөл мен жетекшілікті менеджер алады. Үйымдастырушылық органның қалыптастыру аясында кез-келген деңгейде менеджерге жалпы кәсіби және әлеуметтік та- лаптар енгізіледі. Жалпы кәсіби талаптар қамтиды: 1) кәсіпорынды басқару саласындағы жалпы білім; 2) фирма қызметінің мәселелеріндегі қүзыреттілік; 3) кәсіпкерлік дағдыларды иелену; 4) жоғары түрған басшылар мен төменгі жұмысшылардың арасындағы келісім негізінде негізделген және қүзыреті шешім- дерді қабылдай алу қасиеті; 5) экономикалық жағдайды талдау саласындағы практикалық тәжірибенің және білімнің болуы; 6) фирма бәсекелестерінің әрекетін талдай алу және болжай алу; 7) экономикалық жағдайдың даму тенденцияларын болжай алу қабілеті.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==