Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

2. Тәуекел-менеджменттің негіздері М 71 Осылайша, тәуекелді басқару жүйесінде ұйымдық әдістер әсері өзіне нақты ұйымдастырушылық жұмыстың объект сала- сындағы сияқты, кез келген басқару деңгейіндегі субъект сала- сында да іске асу көмегімен әртүрлі тәсілдер мен әдістердің ке- шенін құрайды. З.Тәуекеддерді басқарудағы экономикалық әдістердің мәні Басқарудың экономикалық әдістері, менеджмент тәуекелі көзқарасы тұрғысынан, тәуекел жағдайында туындайтын ұйым- ның қаржылық ресурстарын әлеуетті шығындарды азайту және мүмкін болатын түсімдерді арттыру мақсагымен үтымды бөлуге негізделген басқару әдісі ретінде санауға болады. Тәуекелді басқарудың экономкиалық әдістерінің ауқымы жет- кілікті түрде әртүрлі. Ол өзіне мына әдістерді қосады: - өтемақы; - сақтандыру; - резервтеу; - алып-сатарлық; - ынталандыру; - тежеу. Өтемақылық әдістердің әрекеті сақтандыруға және резервтеу- ге негізделген. Сақтандырудың мәнісі үйымның өзінің қаржылық ресурста- рының бір бөлігін мамандандырылған сақтандыру компания- ларының қызметіне жүгіне отырып тәуекелдерді сақтандыруға бағыттайды. Бүл жобаның тиімсіз іске асуы салдарынан болған шығындар мен залалдарды толығымен немесе жартылай орнын толтыруға мүмкіндік береді. Резервтеу барысында ұйым өзінің белгілі бір қаржылық ресур- старының үлесін ішкі резервтік қорларда жинақтайды. Осы қор- дағы жиналған қаражат жобаға байланысты күтпеген шығындар пайда болған кезде жүмсалады. Мысалы, шикізат ресурстарының немесе энергия бағасының өсуімен байланысты, орташа жалақы деңгейінің күрт өсуі, инфляция қарқынының ұлғаюы және т.с.с

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==