Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

2. Тәуекел-менеджменттің негіздері 67 немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде де ұсынылуы мүмкін. Бұл ретте айыппүлды төлеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы кінәлі адамды келтірген зиянын қайтарудан босату болып табыл- майды. Тәуекелді басқарудың әкімшілік әдістерінің тобы күштеп мәжбүрлеуге негізделген және өзіне ұйымдық, өкімдік және тәртіптік әдістерді қосады. Ұйымдық әдістердің мәнісі адамдардың кез келген бірігіп істеген қызметі тиісті түрде үйымдастырылған болуы керек, яғни, жобаланған, бағытталған, ретгелген, сондай-ақ әртүрлі жағдайлар- да қызметкердің жүріс-түрыс ережесін тіркейтін қажетті нүсқау- лықтармен жабдықталған болуы тиіс. Басқаша айтқанда, алдымен ұйымды құру қажет, жүмысшыларды жинау, олардың арасында өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді белу керек, содан кейін ғана олардың қызметтерін басқару қажет. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, басқарудың ұйымда- стырушылық әдістері алдында қызмет етеді, оған қажетті жағдай жасайды, ал сәйкесінше пассивті болып саналадыдеп бекітуге бо- лады. Басқарудың ұйымдастырушылық әдістеріне мыналар жатады: - қызметкерлермен жұмыс, іріктеу және орналастыру; - ұйымдық нормалау(регламенттеу); - ұйымдық жоспарлау; - үйымдастырушылық басқару; - өкілеттіліктерді табыстау және жауапкершілікті белу; - ұйымдастырушылық нұсқаулық; - ұйымдастырушылық бақылау - орындауды бақылау; - үйымдық талдау; - ұйымдық жобалау; - ұйымдастыру тәжірибесін қорыту. Іріктеу, орналастыру және кадрлармен жұмыс мыналарды қамтиды: - азаматтардың іскерлік және жеке қасиетгерін бағалау үшін әдістемелер мен кәсіби өлшемдерді құрау, жұмысқа қабылданған- дар, соның ішінде, мамандандырылған кестелер мен анықтама- лықтар;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==