Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
54 Тәуекел-менеджмент 2. Тәуекед - менеджменттің негізгі тәсілдері Тәуекел жағдайында шешімдерді қабылдау мен оны іске асы- руда қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер белгілі бір дәреже- де кәсіпкерлік қызметтің, нақты жағдай мен басқа да факторлар- дың қойылган мақсаттарына жету стратегиясының спецификаци- ясына байланысты. Сонымен қатар, тәуекелді басқарудың теориясы мен практи- касы басқару субъектісіне басшылыққа алу керек негізгі принцип- терді жасап шығарды. Тәуекелді басқарудың негізгі принциптерінің арасынан келе- сілерді айтуға болады: - меншікті капиталмен мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады; - тәуекелдің соңын ойлау керек; - аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды. Бірінші принципті іске асыруда, тәуекел жағдайында шешім қабылдамастан бұрын, кәсіпкер міндетті: - берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау; - оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен са- лыстыру; - оларды (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстар- мен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау. Екінші принципке сүйенуде кәсіпкер шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтимал- дылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шара- дан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді Үшінші принципті іске асыру, тәуекелден тұратын қызметті жүзеге асыру туралы шешім қабылдамас бұрын, тәуекел жағдайы туа қалғанда кәсіпкер көтеретін күтілетін нәтиженің мүмкің бола тын шығындарын мөлшерлеу қажет. **..4 '****'■
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==