Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
6. Тәуекел-менеджмент жүйесіңдегі тәуекел-контроллинг Э€ 207 Қазіргі жагдайда әртүрлі қызмет салаларындағы электронды технологиялар үлкен мәнге ие болып отыр. Электрониканы қол- данудың бір мағыты электронды банкинг (ЭБ) таралатын банктік сала болып табылады. Ең алдымен электронды банкинг АҚШ пен Еуропадан тараған. ЭБ дамуымен мүндай технологиялар қа- уіпсіздігіне байланысты мәселелер өзекті болып табылады. Ол банк қызметіндегі жаңа қауіптердің туындауына алып келеді. Бұл технология банк арқылы еңбек ақының және өзге түсім- дердің түсу процесін, тауар мен қызмет төлемдерін, банк шоттары мен карталарды онлайн (online) режимде Интернет және Web -бра узер арқылы басқару және қалта дербес компьютерлері (ҚДК), коммуникаторлар мен смартфондар көмегімен мобильді банкинг процесстерін жеңілдетеді. ЭБ қолдану бірқатар басымдықтар бе- реді, алайда сонымен бірге қауіптің жаңа көздері пайда болады. Олардың қатарына келесілер кіреді: - техника ақауы жағдайында бірқатар операцияларды орын- даудағы қиындықтарды туындататын өнделетін ақпараттың және, сәйкесінше, банктік есептіліктің технологиялық бүрмалануы; - компьютерлік желіге мүмкін болатын санкциялық емес ену, құпиялылықты бұзу және серверді «бүзу» арқылы өзге заңсыз әрекеттер; - ЭБ қолданушы қаржылық институттың ақпараттық конту- раның мәліметтер базасының болуы нәтижесінен қызмет провай- дерлері мен олардың мониторингісіне тәуелділігінің пайда болуы және т.б. Осылайша, қүрамына электронды банкинг тәуекелі кіретін операциялық тәуекелдің диапазоны да кеңейеді. Операциялық тәуекелге деген жоғары қызығушылықтың себебі банктік капитал- дың минималды өлшеміне талап қоятын Basel II банктік бақылау бойынша Базель комитеті келісімінің шығуы болды: несиелік үй- ымдар операциялық, нарықтық және несиелік тәуекелдерді бақы- лауға, сондай-ақ оларды жабу үшін капиталды резервте сақтауға міндетті. Оның ережелері Еуроодақта, АҚШ-та, Канадада, Жапо- ния мен Үндістанда қолданылады. Basel ІІ-ге сәйкес операциялық тәуекелді басқару үш қүрамдас бөліктен тұрады: капиталдың ми-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==