Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
206 Тәускел-менеджмент Негізгі функциясы жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорын- ды ақпараттық қамтамасыз етуді сәйкестендіру болып табылатын контроллинг «интернет-экономикадағы» іскерлік үлгі мен іскерлік байланыстардың өзгерісіне байланысты қозғалуда. Электронды бизнес бақылаушының орталық міндеті ретінде есептеуді жаңа шарттарға қояды. Менеджменттің жылдам реакциялары ендігі жерде ақпараттардың үздік жинақталуы мен алдын ала сараптама- сын қажет етеді. Ақпараттық жеткіліктілігі, сенімділігі (тез арада тексерілмеуі мүмкін) менеджмент үшін орынды ақпаратты саналы түрде жинақтауға кейінге қалдыруға болмайтын талап қояды. Со- нымен бірге тез шешім қабылдау барысында менеджерлер үшін тәуекелді арттырады. Электронды бизнестің келесі тенденциялары контроллингке де тән: - нарықтық жылдам өзгерістері мен кәсіпорынның иілмелі құрылысына бейімделетін өнімнің қысқарған өмір сүру циклі кон троллинг объектілерін тұрақгы түрде өзгертеді. Сондықтан кон троллинг жүйелері мен құралдары болашақта өзгерістерге иілмелі түрде жауап беріп, тез бейімделгіш болуы қажет; - қажетті мәліметтер менеджментінің шектеулері мен бағы- тына берілетін назар күшейеді. Бақылаушы орынды ақпараттарды сүзгілеу мәселесімен айналысуға мәжбүр; - ақпарагтық технология болашақта контроллинг үшін ай- тарлықтай рөл атқаруы мүмкін. Ол ИТ-жобалардың классика- лық контроллингімен бірге, ол жаңа істер немесе өндіріс аралық процесстер үшін ілгек ретінде келуімен өрнектеледі. болашақта ол кәсіпорын стратегиясы мен ИТ стратегиясы арасында айыр- машылықтың болмауына алып келеді, себебі олар өзара тығыз байланысты. Электронды бизнес - ИТ-жобалардың «классикалық контрол- лингімен» бірге қолдануға болатын кәсіпорындарға ИТ енуінің ке- лесі кезеңі ғана емес. Сонымен бірге контроллингтің объектілері мен міндеттері өзгеруде. Электронды бизнес ақпараттық техника- сыз қызмет етпейді. Мұнда болашақ коммерциялық қызмет үшін қауіп пен күрделіліктің ең үлкен деңгейі жатыр. Пайданы бағалау мен ақпаратты технологияны оңтайлы басқару кәсіпорын мен-ан- дірістің жетілу деңгейін анықтайды. - » • ч
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==