Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
204 Э€ Тәуекел-менеджмент сының дамуының жаңа үлгісін құру қажеттілігі туралы айтуға болады. нәтижесінде іске асыру құралдары өзгермелі жағдайға бейімделуі қажет. Ол үшін мүмкін болатын шығындардың пайда болу өлшемдері мен ықпалдылығы жағынан қаржы институтының контрагенттер туралы кәсіби тұжырымына негізделген тәуекелді басқарудың сапасын күшейту қажет. Сараптама мен мониторингтің негізгі құрамына тек сандық қана емес, сапалық көрсеткіштер де кіретін ақпараттық база бо- лып табылады. Ол үшін фирманың имиджі немесе беделі, бәсеке- ге қабілеттілігі, стратегиялық жоспарлары, түрақты клиенттерінің болуы, өнімнің немесе қызметтің сүранысы мен үсынысы және т.б. секілді әртүрлі ақпарат көздерін қолдану қажет. Ақпарат көздері ретінде салыстырмалы сараптамада фирма-клиенттің, әріптестің немесе қарызға алушының жағдайы туралы шынайы пайымдауды алуға болатын кез келген қолжетімді мәлімет болуы мүмкін. Қаржылық жүйенің дамуы мен банктік сектор рөлінің ар- туымен тәуекелдің түрлері көбеюде. Ең алдымен, бүл сыртқы несиелеу мен инвестициялаудың көлеміне байланысты. Сырттан қарыз алу АҚШ, Еуропа мемлекеттері мен Азия-Тынық мүхиты аймағындағы (АТА) экономика дағдарысының артуына байланы сты тәуекелді арттырады. Тек қаржылық ұйымдардағы ғана емес үжымдық басқару тәжірибесінің заманауи тәсілдемесі банктің ұйымдық қүрылымындағы тәуекелді бақылаушы рөлінің артуын қарастыратын құрылымдық өзгерістерді, сонымен бірге тәуекел туралы ақпаратты жария түрде ашып корсету қажеттілігін қара- стырады. Тәжірибе тұрғысынан, банктердің көбісінде тіпті мүндай тәсілдеме тәуекелді басқару нүсқаманы ресми түрде орындауға теңестірілмейтіндігін, ал ақпараттық база және әдістеме түрғы- сынан банктердегі мамандардың санын арттырмастан олардың жүктемелерінің артуына алып келмейтіндігін кепілдемейді. Қол- даныстағы немесе әлеуетті шетелдік акционерлердің тәуекелдерін басқару жүйесіне қойылатын талаптар да маңызды фактор болып табылады. Көптеген несиелік ұйымдар үшін тәуекел-контроллинг «terra incognita» болып қалады. Оны енгізу қосымша шығындар мен бизнес-мақсаттарға қарай қозғалыс жылдамдығының төм^н- деуіне алып келеді. Бүл тәуекелді басқару процесінің өзі көп ең-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==