Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

6. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі тәуекел-контроллинг 201 басқару шешімдерін қалыптастыру мәселесі сыртқы ортаның мүм- кін болатын шешімдерінен бөлек қарастырылуы мүмкін емес. Ол бизнес шарттарын да, оған тән тәуекел факторларын да анықтай- ды. Тәуекел контроллинга үшін басқарылатын және бақыланатын процесстердің кезеңдері бойынша нақтылаудың пайда болу сала- сындағы принципі бойынша тәуекел классификациясы маңызды болады. Сәйкесінше, мұнда дайындық кезеңдерінің (тәуекел аймағы- на кіру) тәуекелін, сараптама мен бақылаудың бастапқы кезеңінің тәуекелін, құрылымдау тәуекелдерін, құжаттандыру тәуекелдерін, процессті іске қосу тәуекелдерін, процессті іске асыру тәуекел- дерін, процессті аяқтау тәуекелдерін, нәтиже тәуекелдерін атауға болады. Бүл классификациялық белгі тәуекелді құрылымдаумен, тәуекелдің факторлық және нәтижелік тараптарын бөлумен және олардың сәйкес «эшелондандырылған қорғаныс» схемасымен, яғни өзара байланысқан басқарылатын немесе бақыланатын про- цесстердің кезеңдері бойынша қалыптасқан әдістер және тәсілдер- мен тікелей байланысты. Тәуекелдердің топтары мен рейтинггерін қалыптастырагын өте маңызды, айтарлықтай классификацияланған белгі тәуекел- дерді олардың өлшемі мен деңгейіне қарай жіктеу болып табы- лады. Бұл классификациялаушы белгіні нақтылау бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады. Олардың ішінде айтарлықтай бағыттар мыналар: — тәуекел тасушы үшін де, онымен байланысты құбылы- стар үшін де тәуекелдің, нәтижелердің (қүндық, сандық және өзге) өлшемдері. Тәуекелдің өлшемдері, жоғарыда қарасты- рылғандай, әртүрлі қаржы қүралдарының суммасында, процес- стердің олқылықтары мен кешіктіру кезеңдерінде, қалпына кел- тіру және т.б кезеңдерде, жоғалтулардың, шығындардың сандық (дана), көлемдік және өзге көрсегкіштерінде өрнектелуі мүмкін. Бүл бағаға алынбай қалған кірістің де, орындалмаған мақсатты құрылғылардың да өлшемдері кіреді; - тәуекел тасушылар мен онымен байланысты тәуекел-ме- неджменттің объектілері мен субъектілерінің жеке параметр- лерінің тәуекелінің ықпалына байланысты өзгерістер. Несиелік

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==