Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

198 Тәуекел-менеджмент рын пайдаланудың объективті қажетгілігімен және микродеңгейде ғана емес, макродеңгейде де қолдану мүмкіндігімен шартталған. 2. Тәуекел аймағы және белгісіздік жағдайлар Кәсіпорын қызметі кәсіпорын мүмкіндіктері мен мақсаттары анықталатын мақсатгар мен стратегияларға сәйкес белгілі бір са- лада жүзеге асады. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның негізгі мақ- саттарының бірі қоғамның, меншік иесі мен жұмыскерлердің мақ- саттарына сәйкес келетін кіріс табу болып табылады. Бүл мемле- кет, кірістен салық ала отырып, оны әлеуметтік салаға, халықтық қорғансыз топтарына көмек беруге, қорғаныс, денсаулық сақтау мен білімге бөлуіне байланысты. Қызметкерлер де кәсіпорынның кірістілігіне мүдделі, себебі мұндай жағдайда оларға еңбек ақыла- ры, сыйақылары және карьералық өсім кепілденген. Контроллинг жоспарлау жүйесіне негізделген, алайда со- нымен қатар ол бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Ол алдын ала бақылау концепциясын, яғни үйым жоспарын немесе бюджетін бақылауды білдіреді деуге болады. Контроллингтің ерекше қүн- дылығы кәсіпорынның кеңеюі мен өндірістің диверсификациясы барысында, шаруашылық жүйелерінің өсу шамасы мен күрделілі- гіне байланысты пайда болады. Себебі сол кезде әртүрлі функцио- налдық жоспарлардың келіспеушілік мәселелері туындайды. Экономиканың қазіргі жағдайда бизнестің ақпараттық-тех- нологиялық дамуы ақпараттық алмасу қарқынын жылдамдата- тынын, сапаның артуына, қабылданатын басқарушылық шешім- дердің негізделуі мен жеделдетуіне ықпал ететіндігін көрсетеді. Осыған байланысты бизнестің ақпараттануы, аналитикалық мүмкіндіктерді, оның ішінде компанияның тұрақты дамуы үшін шешімдерді дайындау жүйесі, қоршаған ортаның контроллингі секілді мүмкіндіктерді пайдалану өзекті болып табылады. Тәу- екел-контроллинг шеңберінде өтімділік позициясы мен пайда- лылықтан туындаған екіұштылыққа байланысты қаржылық және өндірісгік шешімдер қарастырылады. Тәуекел-контроллинг кон- цепциясы қосарлы жүйесі 6.2. суретте көрсетілген тәуекел менеджментінің туындысы болып табылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==