Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылық шешімдер Э€ 191 Жобаның келешектегі құны ұқсас түрде есептелуі мүмкін, ке- лешектегі салымдар қоры жылдар бойынша есептеліп, инвестици- ялық жобаны қаржыландыру үшін арналған. Халықаралық тәжірибеде инвестицияның тиімділігін бағалау үшін, ақшаның уақытша құнын негіздеу үшін бірнеше критерий- лер қатары қалыптасқан. Осы сияқты бағалаулар, ереже ретінде, сараптамалық әдіспен бағаланып өзіне мынадай кезендерді қалып- тастырады: - Факторлардың тізімін қалыптастыру, елдің тәуелкелділігі- не тікелей әсерін тигізетін болса; - Әрбір факторды белгіленген шкала бойынша бағалау шка ­ ле (мысалға, 10-балдық көрсеткішпен); - Барлық факторлардың бағалау суммасының орташа өл- шемін анықтау; - Елдік тәуекелділіктің шкаласын орнату, орташа өлше- нетін өлшемнің елдік тәуекелділікке қосымша премия тәуелділігін анықтау; Осы таңдалған бағалауларға сәйкесінше оған қосымша преми- яның елдік тәуекелділікке берілуін қарастырады, және де ол дис- конттау мөлшерлемесіне қосылады. Дисконттау мөлшерлемесінде елдік тәуекелділіктің және басқа да тәуекелділік түрлерін құрайтын өлшемдерді білу, тәуекелділік- тің мәнін азайтуда немесе осы жағдайлардың бағалау тиімділік- терін жасауда қажет болады, сондай-ақ әртүрлі нұсқадағы жоба- ларды салыстыру кезінде тәуекелділіктердің деңгейі бойынша ка ­ жет болады. Тәуекелділікті есепке ала отырып дисконттау және инвести- цияны орынды бағалау кезінде тәуекелділік шартында кіріс дең- гейінің шегі (кіріс нормасы) әртүрлі капиталды салымдарға қолда- нылуы мүмкін. Төменде көрсетілген капиталдық салымдар бойынша кірістің келесідей нормалары ұсынылады (%). Капиталды салымдардың барлық шарттары орындалған жағдайда, тәуекелділік деңгейінің классификациясын қанағаттан- дыратын болса, капиталдық салымдарды ақшамен қамтамасыз етсе, олар тәуекелділікті есепке алып оны илюстрация жасайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==