Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылық шешімдер 181 сі (табыс, пайда, дивидендтер және т. б.) және орташа квадраттық ауытқу (а) мүмкін болатын нәтижесі кеңінен қарастырылады. Келесі мысалды қарастырайық. Жаңа тауарды өндірудің екі нұсқасы бар деп есептейік. Тауарды өткізу жағдайының белгісізді- гін ескеріп, басшылар тауарды өткізу кезіндегі әртүрлі жағдайлар- ды саралай отырып (пессимистік, ықтимал, оптимистік), басқа да болатын жағдайларды, сонымен қатар мүмкін болатын кірістерді қарастырады. Егерде оптимистік жоба бойынша қарастыратын болсақ, онда Б жобасы кірістің 600 бірлігін қамтамасыз ететініне назар ауда- руымыз кажет. Бұл соның нәтижесінде, яғни кірістің түсу ықти- малдылығы 0,25-ке тең. Ал ол кезде А жобасы, кірістің 500 бірлігін кіргізіп, ықтималдығы 0,20 тең болады. Егерде дүрыстап мән бе реты болсақ, онда максималды нәтиже бойынша Б жобасы тиімді және қолайлы. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, пессимистік жағдайда Б жобасы ықгималдылығы 0,25-ке тең болып, кірістің 80 бірлігін қамтамасыз ететін болады. Ал онда А жобасы ыктималдылығы 20-ға теңесіп, кірістің 100 бірлігін әкелетін болады. Осылайша, пессимистік жағдайда тиімді және қолайпысы А жобасы болып табылады. Х А = Х Б = 320, а А = 127, а Б = 185 екеніне көз жеткізу қиын емес. Егерде біз бүл жобалардан бірдей кіріс көзін күтетін болсақ, онда бүл жобалардағы Б нүсқасында тұрақсыздану мәні көбірек болады, себебі, А жобасының тәуелділігі Б жобасының тәуелділі- гіне қарағанда аз болып келеді. Сәйкесінше, көптеген экономика- лық әдебиет көздерінде экономикалық тәуекелділіктің проблемасы болғандықтан, А нұсқасына бергеніміз жөн болады. Біз қарасты- рған мысалда ол былайша өрнектеледі Х А = Х Б , а А <о Б . Тағы да бірқатар X арақатынастарын және нүсқаларын кел- тіруге болады, тәуекелділіктің салыстырмалы нұсқалары мен оның салыстырмалы сипаттамаларының бағалануымен тиімді және қо- лайлы нүсқаны таңдап алуға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==