Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылық шешімдер 177 жедел, стратегиялық және ұйымдастырушылық ережелерді бөледі. - Ережелермен қатар басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдау және іске асырудың тәртібін анықтаған кезде жоспарлар маңызды рөл атқарады. - Басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдау және іске асыру рәсімдері сегіз кезеңнен тұратын тоқтаусыз тұйық цикл бо- лып көрінеді: жағдайды талдау, мәселелерді сәйкестендіру, тандау белгілерін анықтау, баламаларды әзірлеу, аса жақсы баламаларды таңдау, мәміле, іске асыруды басқару, нәтижелерді бақылау және бағалау. — Тәуекел-менеджменті жүйесіндегі басқарушылық шешім- дерді қабылдаудың маңызды элементі тәуекел мен әлеуетті мүмкін пайда деңгейлерін теңгеру үдерісі. Болжалды табыстың пайызы жоғары болған сайын, менеджер шешім қабылдағанда аса жоғары тәуекелге баруы мүмкін. - Тәуекел деңгейін бағалау үшін ұйымның мүмкін қызмет- терінің салаларын терт негізгі аймаққа белу тәсілін пайдаланған жөн; тәуекелсіз аймаққа, мүмкін тәуекелдің аймағына, критикалық тәуекел аймағына, апатты тәуекел аймағына. - Белгілі жоба жататын тәуекел аймағын анықтау барысын- да, басқарманың субъектісінің пайда болған жағдайы туралы ақпа- раттандырылудың дәрежесінің үлкен мәні бар. Осындай көзқа- рас жағынан менеджердің сыртқы орта жағдайы туралы әртүрлі дәрежеде ақпараттандырылғандықты сипаттайтын терт жағдайды бөліп айтуға болады. Осындай ақпараттар жағдайларына анықгалған, орташа анықталған, орташа стохастикалық және стохастикалықтар жатад ы 1 . 1 Дубина И.Н. Основы математического моделирования социально- экономических процессов. . - М.: Издательство Юрайт. - 2016. - 349 с. 12-3/41-17 - Әзірлеу әдістерін және шешімдерді қабылдауды екі негізгі топқа белу қабылданған: үлгілеу әдістері және сараптамалық баға- лау әдістері. - Үлгілеу әдістері аса жиі кездесетін басқарушылық тапсырмаларды шешу үшін математикалық үлгілерді пайдалануға негізденеді. Осындай әдістерді қолдану анықталған және орташа анықталған басқарушылық жағдайларда мүмкін болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==