Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
5. Тәуекел-менеджменг жүйесіндегі басқарушылық шешімдер 3€ 175 Тұлғалардың қасиеттерінің көзқарасы жағынан, әйел-басшы- лардың жағдайлық басқаруға икемділігі басқарудың экстремалдық (сыртқы) локусқа сәйкес келеді, ал еркектердің «диспозициялық» басқаруға бейілділігі - басқарудың интерналдық (ішкі) локусына сәйкес келеді. Басқарудың локусі түсінігінде адамның маңызды жағдайлар үшін жауапкершілігін және өзінің қызметінің нәтижелерін сыртқы күштерге, ықпалдарға, басқа адамдарға, объективті жағдайларға, тағдырға және т.б. деп есептеуге икемділігін сипаттау қасиеті деп түсініледі. Басқару локусы әлеуметтену барысында қалыптасатын жеке түлғаның тұрақты қасиеті болып табылады. Аса тәжірибелі басшыларда (басшы лауазымында 10 жылдан артық жұмыс өтілі бар) - әйелдерде де, еркектерде де - тәуекел шартында шешім қабылдауға даярлық, жұмыс өтілі аз жүмыс- шыларға қарағанда темен болады. Сонымен бірге әйел-басшылар аса сақ стратегияны тандайды. Еркектер тәуекелдің аса жоғары дәрежесінде шешім қабылдаған кезде бейімді, ол олардың агрес- сиялылықтың жоғары дәрежесімен, әрекеттерінің тәуілсіздігімен, басымдылықтың, өзін-өзі танытудың аса көрнекті тұтынуымен не- гізделеді. Әйел-басшыларда тәуекел өзінің жетістіктілігімен жағымды арақатынас орнатады, ал жауапкершілікпен - жағымсыз, еркек терде әлеуметтік және эмоционалдық тұрақтылықпен - жағым- ды және белсенділікпен, жауапкершілікпен және басым болуға ұмтылумен - орташа жағымсыз арақатынас орнатады. Шешім қабылдаған кезде пайда болатын жүріс-түрыстың ырықсыздығы және сыртқы жағдайлар мен эмоциялардың әсерінен, бірінші ниет бойынша әрекет етуге бейімділікке қорытындылау, еркектерде де, әйелдерде де белсенділікпен, мақсагтылықпен және уәждемемен байланысты. Басшының шешім қабылдау үдерісі белгілі дәрежеде оның жынысымен негізделген, оның салдары жыныстық диформизм шешімнің түрін таңдағанда да байқалынады. Басшының жасы сондай-ақ шешім қабылдау үдерісіне эсер етеді. Әйел-басшылар барлық жастық диапазонда (22-ден 50 жасқа дейін), нақты жасқа қарамастан, «сақ» жэне «салмақты» шешім-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==