Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылық шешімдер 173 басқа құралдар болып көрінеді. Эвристикалар есебінде қолда- нылуы мүмкін: - аралық нәтижелердің қайталануы; - тапсырмалардың шарттарындағы қарама-қарсылық; - алынған шешімдердің шындыққа жанаспаушылығы. Мақсатты бағытталған іздестіру негізгі екі рәсімнің кезектесуі болып көрінеді: өндіру (яғни шешімнің әртүрлі әдістерін бір қадам шегінде жылжьпу) және шектеу (яғни алынған нәтижелерді олар- дың шешім ретінде жарамдылығы көзқарасынан бағалау). Имитациялық модель - шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізілед і 1 . Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. 1 Дубина И.Н. Основы математического моделирования социально- экономических процессов. . — М.: Издательство Юрайт. - 2016. - 349 с. 2. Адынған нәтижелердің жарамдылығын бағалау Алынған нәтижелердің жарамдылығын бағалау есебінен жү- зеге асырылады: - мәселелердің элементтерін байланыстыратын заңдарды білуі; - бұрынғы тәжірибе; - шешімдердің иерархиялық сүлбасын қүрастыру. Эвристикалық үдерістің бағыттылығы келесі түрде анықтала- ды: егер бұдан кейінгі шамаларды қандай да бір белгіленгеннен алу тәсілі нәтижелер бермесе, онда заңдардың немесе мақсаттар- дың жаңа тәсілдерін іздестіру жүзеге асырылады. Егер бұл іске ас- паса, онда шешімді табы мүмкін емес деп есептелінеді. Ақпараттық әдістер мен басқарушылық шешімдерді қабыл- дау әдістерінің тәуекел аймақтарының сәйкестігі 5. 1-кестеде кор сет ілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==