Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
172 3€ Тэуекел-менсджмент Делфи әдісі АҚШ-та 60-шы жж. басында әзірленген жэне алғаш рет 1964 ж. сынап көрілген. Бул әдіс бірізді сауалнама жүр- гізу арқылы әртүрлі салалардан сарапшылардың топтық ой-пікірін қалыптастыруға бағытталған бірізді рәсімдердің қатары болып көрінеді. Делфи әдісінің негізгі ерекшеліктері болып табылады: - жасырындылық; - реттелетін кері байланыс; - сарапшылардың жеке бағалауын статистикалық өңдеу не- гізінде топтық бағалауды қалыптастыру; - бағалаудың көп қадамдық сипаты. Делфи әдісінің негізгі мақсаты жеке байланыс кезінде кейбір адамдардың психологиялық қысымды сезінуін азайту болып табы лады. Нағыз білікті маман болып табылмайтын, жақсы шешендік мүмкіншіліктеріне ие адамдардың соңғы нәтижелеріне әсерін ти- гізбеуге мүмкінді береді. Жоғарыда атап өтілген әдістермен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында аса маңызды рөлді эвристика- лық әдістер ойнайды. Егер сараптамалық бағалау және үлгілеу әдістері анықтылық шарттарында болжамдарды жасауға арналса, онда эвристикалық әдістер ақпараттың айтарлықтай тапшылығы жағдайында қолданылады. Эвристикалық әдістер алдын ала білуге негізделген. Эвристикалық әдістердің негізінде белгілі алгоритмнің және шешімнің немесе оның жалғыздығының бар болуы туралы қандай да бір мәліметтердің жоқ болуы жағдайындағы көріністің өзара байланысты құрамдастарды іздестіру рәсімі жатыр. Сондықтан шешімді іздестіру барысында ақпаратты қосымша жинау жиі жүргізіледі. Әдетте белгісіздік шартындағы шешімдерді іздестіру сынау және қателер әдісімен жүргізіледі, ол қазіргі бизнес үшін жарамайды. Эвристикаларды қолдану осы үдерісті мақсатты бағытталған зерттеуге айналдыруға мүмкіндік береді. Эвристикалар тәжірибеге негізделген ережелер, страгег.иялар және шешімдерді іздестірудің кеңістігін айтарлықтай шектейтін
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==