Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылық шешімдер 171 - олар бірегей таңдаудың мәселелері болып табылады, яғни ертерек кездескен мәселелермен салыстырғанда жаңа ерекшелік- терге ие болады. - осындай мәселелер ақпараттың тапшылығымен негіз- делген, шешімдердің баламалы нұсқаларын бағалаудағы бел- гісіздікпен байланысты. - мәселені шешудің баламалы нұсқаларын бағалаудың сапа- лы сипаттамасы бар; - баламалардың жалпы бағасы шешім қабылдаушы тұлға- лардың субъективті артықшылықтары негізінде ғана алынуы мүмкін; - баламаларды жеке белгілер бойынша бағалау сараптама жүргізу үдерісінде сарапшылардан ғана алынуы мүмкін. Сараптамаларды жүргізу үшін әдетте сарапшылардың нәти- желі жұмысы үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымдасты- рушылық топ құрылады. Осы топтың негізгі міндеттері келесілер болып табылады: - мәселені қою; - сараптама жүргізудің рәсімдерін әзірлеу; - сарапшылардың тобын қүру; - сарапшыларға сауал қоюды жүргізу; - алынған ақпараттарды өңдеу, нысандандыру және түсін- діру. Сараптамалық бағалаудың әдістерінің арасында ақылдылар талқысы әдісі және Делфи әдісі сияқты топтық сұрақ қою әдістері аса кең таратылған. Көрсетілген әдістердің артықшылықтары, олар күрделі шешімдерді қабылдау үдерісінде алқаластық элементін күшейту- ден тұрады. Олар интуицияны және ұжымдық идеяны тудыруды пайдалануға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде бір логикалық ойлау көмегімен келуге болмайтын мәселелердің өзіндік шешімін табуға мүмкіндік береді. Үжымдық идеяны тудыру әдісі, немесе ақылдылар талқысы, кез келген айтылған идеялар шығармашылық немесе жағымды сыни реакцияны тудыратын көшкін тәріздес үдеріс болып көрі- неді. Жағымсыз бағалауға жол берілмейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==