Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

170 Тәуексл-менеджмент Осы жүйені өндірістік үдерістің барлық кезеңдеріне енгізу өнімдерді ірі топтамалармен өндіруден бас тартуға және қойма қорларының өлшемдері оңтайлы өлшемдерге дейін қысқаратын тоқтаусыз жүретін өндІрісті құруға мүмкіндік береді. Бағдарламалаудың үлгісі бәсекелес қажеттіліктер болған кез- де ресурстардың тапшылығы болған жағдайда шешімнің оңтайлы нұсқаларын табу үшін қолданылады. Мысалы, оңтайлы өндірістік бағдарламаны есептеген кезде. Әзірленген оңтайландырма үлгілердің көп бөлігі сызықтық бағдарламалау тапсырмаларына ептеледі. Алайда кейбір жағдай- ларда басқа түрлердің үлгілері де қолданылуы мүмкін. Соның ішінде, сызықтық емес бағдарламалаудың үлгілері операциялар- дың нәтиженің негізгі факторларға байланысты сызықтық емес нысандар үшін қолданылады. Уақыт факторының талдауына қосу қажег болғанда қарқынды бағдарламалаудың үлгілері қолданы- лады. Операцияның нәтижелеріне факторлардың эсер ету ықпал- дылығымен сипатталатын жағдайларда математикалық статисти- каның үлгісі қолданылады 1 . 1 Дубина И.Н. Основы математического моделирования социально- экономических процессов. . - М.: Издательство Юрайт. - 2016. - 349 с. 2 Forman, Е.Н. and Selly, М.А. Decision By Objectives. - New Jersey: World Scientific, 2001. ’ ** Сараптамалық бағалаудың эдістері ақпарат тапшылығының жағдайында шешімдерді эзірлеу және негіздеу үшін қолданыла- ды. Олар орташа стохастикалық жэне стохастикалық жағдайлар үшін аса жақсы үйлеседі. Осы эдістердің мэні, қойылған бақылау сүрақтарына мамандардың жауаптарын алу арқылы шешім қабыл- данатынында болады. Дэлсіздікті және субъективтік факторлардың эсерлерін азай- ту мақсатында сарапшылардан алынған ақпараттар арнайы логи- калық жэне математикалық процедуралардың көмегімен өңделеді және шешімнің оңтайлы нүсқасын тандау үшін ыңғайлы нысанға түрлендіред і 1 2 . Сараптамалық бағалаудың әдістері құрылымдалмаған мэселе- лерді шешу үшін кеңінен қолданылады. Құрылымдалмаған мэсе- лелерге келесі ерекше белгілер тән:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==