Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

168 Тәуекел-менеджмент 2. Ықтималдық модельдерінде параметрлер мен сыртқы айнымалылар немесе олардың белгілі бір бөлігі тиісті ықтимал- дықтың үлестіруі мен сипатталады. Анықталмағандықты есепке алатын модельдерге ықтималдық теориясының заңдарын қолда- нуға болмайды. Бұл модельдер белгілі бір алғашқы мәліметтер бойынша есеп шартын қанағыттандыратын көптеген шешімдер және оптимал- дықтың критерийіне сәйкес тиімді шешім алуға мүмкіндік береді. Мүндай модельдерге өндірістік программаны оптималдау, кесіп-пі- шуді оптималдау, қоспа компоненттерін оптималдау, кәсіпорынды орналастыруды оптималдау, көлік есептерінің модельдері жатады. Ойындар теориясының, кезектер теориясының, қорларды және сызықтық бағдарламалауды басқарудың үлгілері, имитаци- ондық жәнет.б. үлгілерін ажыратады. Имитация - модельдеудің мүмкіндігін кеңейтетін жаңа бағыт болып табылады. Имитаци- ялық модельдеуді нақты жүйелердің модельдеріне жүргізілген экс ­ перимент ретінде түсінуге болады, ал жеке алғанда математикалық модельдеудің көмегімен алғашқы шарттарын өзгерте отырып жүр- гізілетін есептеу эксперимент! жатады 1 . Шаруашылық операциялардың көбін қарсы әрекеттер шар- тында жасалатын әрекеттер ретінде қарастыруға болады. Қарсы әрекеттерге бәсекелестік, қорлардың тапшылығы, шарттық мін- деттемелерді бұзу, апаттар, табиғи апаттар, ереуілдер және т.б. си- яқты ықпалдарды жатқызуға болады. Сондықтан, басқарушылық шешімдерді қабылдаған кезде, менеджер қарсы әрекеттің дәреже- сін азайтуға мүмкіндік беретін баламаны таңдауға ұмтылуы қажет. 1) Осындай мүмкіндікті ойын теориясы ұсынады, оның үл- гілері бәсекелестердің мүмкін жауапты қадамдарын есепке алып әрекеттерді ұйымдастырудың әртүрлі нүсқаларын талдауға мүм- кіндік береді. Жүйенің объектілері стратегиялар мен ойын жағдай- ларын сипаттайтын ережелер мен қатынастар болып табылады. Модельдер ойынға қатысушылардың көзқарастары бір-біріне сай келмегенде нақты жағдайды зерттеу үшін қызмет етеді. Есептердің 1 С подробной классификацией экономико-математических моделей можно познакомиться по работе :Дубина И.Н. Основы математического моделирования социально-экономических процессов. - М.: Издательство Юрайт. - 2016. - 349 с.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==