Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

122 Э€ Тәуекел-.менеджмент барысында ақпарат толықгырылып, қосымша өндеуден өткізіліп отырады. Сонымен қатар, алдыңғы кезендегі мәліметтер келесі кезендер үшін бастапқы ақпарат қызметін атқарады. Сандық және сапалық талдау барысында ақпарат маңызды рөлге ие. Сапалық талдау барысында: тәуекелдің көздері мен себептері, кезендері, мүмкін болатын тәуекел аймақтары, пайда мен жағым- сыз салдары бойынша жұмыстар атқарылады. Бүл жерде мүмкін болатын барлық тәуекелдерді сәйкестендіру маңызды. Тәуекелді бағалау оны басқарудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, себебі басқару үрдісі әртүрлі ақпаратты алу, өңдеу және тәжірибеде қолдануды қамтиды. Алынған ақпа- рат сенімді, сапалы, толық және уақтылы болуы керек. Капитал салымының сипаты мен мақсатына байланысты ақпарат: тәуекел жағдайының туындау ықтималдығы, серіктестердің, бәсекеле- стердің, тұтынушылардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қа- былеттілігі туралы, серіктес елдегі саяси және экономикалық, сы- ртқы экономикалық жағдайы туралы, тауарлар мен қызметтер на ­ рыты және сақтандыру шарттары және т.б. туралы болуы мүмкін. Мұндай ақпараттың көзі болып сарапшылардың ойлары, өт- кен кезеңдегі жобалар тәжірибесі, арнайы мамандандырылған компанияның мәліметтері, әртүрлі аналитикалық шолулар және т.б. табылады. Тәуекелді басқаруда ақпараттардың толықтығы мен сапасына ерекше мән беру қажет. Себебі ақпараттың жоқтығы не- месе аздығы қосымша қаржылық жоғалтуларға, яғни пайданың азаюына әкеледі. Сондықтан ақпаратпен жұмыс барысында неғұрлым сенімді, толық мәліметтермен жүмыс жасау керек. Бірақ тым кең ауқымды ақпаратты жинау да қымбатқа түсетінін есте сақтаған жөн. 2 Кәсіпкердік тәуекедді бағалаудың әдістері Экономикалық әдебиеттерде сыртқы кәсіпкерлік тәуекелді бағалаудың жеткілікті әдістерінің түрлері берілген, бірақ солардың ... ч

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==