Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

3. Кәсіпкерлік тәуекелдер 115 - егер тауардың ең төменгі бағасы оны қанағаттандырса қо- сымша шығындардан бас тартуы; - тауар легі кіші және орташа болса, тасымалдау мен сақтан- дыру бойынша шығындарды төмендетуге болады; - тауардың бұзылуы мен жоғалуы бойынша шығындарды меншік тасымалдау кезінде азайту. Егер мысалды Қазақстан Республикасына сай нақтылайтын болсақ бұл келесі елдер арасында өзара үтымды жағдай болып табылады: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Қы- тайдың солтүстік батыс аймақтары. Бүл жағдайда шекаралас об- лыстар арасында жүк тасымалы автомобиль және теміржол көлік- тері арқылы жүзеге асады. Батыс Еуропа, Америка құрлығына, Азия және Тынық мұхиты аймақтарына, Африка мемлекеттері мен таяу шығыс аймақтарына жұк тасымалы әуе көліктері арқылы жүзеге асырылады, ол қосым- ша шығындарға әкеледі. Егер ірі жүк партиясы болса су көлігімен тасымалдау арзанырак, бірақ тез бұзылатын тауарларды әуемен жеткізу қолайлы. Сонымен, экспорттау мен импорттау мақсаттарына сай ИН ­ КОТЕРМС қатарына байланысты жоғарыдағы аталған жағдайлар- дың бірін таңдауға болады. Келесі «франко» - «Ғ» жағдайларына байланысты ИНКО ­ ТЕРМС топтары: FAS - free along side ship - еркін кеме борты бойымен (...тиеу бортын корсете отырып). Бұл жағдайда тауар жіберуге дайын жэне тиеу айлағында кеме борты бойында жатыр; FOB - free on board - еркін кеме борты (...тиеу бортын корсете отырып). Бұл жағдайда тауар тиеу айлағында тұрған нақты кеме бортына тиелген; FCA - free carrier - франко-көлік фирмасы (тасымалдаушы) (...тиеу орынын корсете отырып). Тауарды көлік фирмасына беру келісімде көрсетілген орын бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда сатушыдан сатып алушыға тэуекел мен шығындар кеме бортының алдында, кеме бортында немесе белгіленген орында ауысады. Сатыпалушы негізгі тасы- малдаушымен өзі келіседі жэне тасымалдау ақысына өзының не-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==