Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

112 Тәуекел-менеджмент бұрын жасалған сақтандыру шарты негізінде жасайды. Жоғалған мүлікке немесе алынбаған пайдаға екі жағдайда да шығынның көлемінұлттық бағалау әдісімен жүргізеді. Бір көзден белгілі бір мөлшерде (апаттық мөлшерде) қоршаған ортаға түскен зиянды заттар және нақты реципиенттердің жағымсыз әсерлерінен туын- даған шығындар экологиялық сақтандыру шығындары болып са- налады. Мүліктік сақтандыруда қоршаған органы ластағаны үшін жеке ластаушының үлесі білінбейді. Сонымен, экологиялық сақтандыру, қоршаған ортаны ластау- ды сақтандыру жауапкершілігі регінде жүзеге асырылады, эколо- гиялық қауіптілікті сақтауға бағытталған, үшінші тұлғалар үшін шығындарды өтеуді (сақтандырушылардың комерциялық шарты сақталса) жүзеге асырады, ал мүлікгік сақтандырушыға шығынды төлеуге бағытталған. Үшіншіден экологиялық сақтандыру үшін құқықтық кеңістік қалыптастырады. Басқа батыс елдеріне қарағанда Қазақстан үшін экологиялық сақтандыруды дамыту үшін бүтіндей заң базасын қүруға бірқатар нақты мүмкіндікгер бар. Оған 13.12.2005 жылғы Қазақстан Республикасының №93-3 «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» заңы 05.07.2012 жылғы жағдайы бойынша және төртінші блокты құрайтын әдістемелік және нүсқаулық қү- жаттар негіз бола алады. 2. Аогистикадық тәуекеддер мазмұны және оларды басқару Логистикалық тәуекел деп жағымсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдығын түсіну қажет. Логистикалық тәуекелдердің пайда болуының үш түрлі себебі айқындалған: белгісіздік, кез- дейсоқтық және қарама-қайшылық. Логистикадағы белгісіздік деп жағымсыз жағдайлардың орын алуы белгілі, бірақ алдын ала қа- шан болатынын білу мүмкіндігінің жоқтығы. Мысалы, Қазақстан- ның солтүстік аймақтарында жиі қарлы бұрқасын болатыны бізге мәлім, бірақ олардың қаншалықты қоңыржай немесе автокөліктік жүк айналымын тоқтатарлықтай қатты болагындығы туралы ашып айту қиын. Логистикадағы кездейсоқ жағдай оқиғаның бодуы не болмауы туралы белгісіз болған кезде орын алады. Оларға логи- -2 ’ 'хУ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==