Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

3. Кәсіпкерлік тәуекелдер 3€ 109 заманғы ғылыми әдебиеттерде бүндай анықтама жоқ. Алайда, эко- логиялық тәуекелдердің негізгі белгілерімен ерекшеліктеріне сүй- ене отырып, айтылған бос орынды жоюға болады. Егер экологиялық тәуекелді математикалық модельдің пара ­ метр^ немсе оның құрылымын бағалау кезіндегі математикалық күту функциясы ретінде қарастырсақ, онда оның мәнін кем деген- де алты құрамдас бөліктер арқылы анықтауға болады: 1) қоршаған ортаға ластаушы заттарды лақгыру немесе жоспарланбаған табиғи ресурстардың сарқылуы; 2) түскен зиянды заттардың көлемі; 3) ластаушы түрі; 4) ластаушының ықпал ету ұзақтығы; 5) мезгіл; 6) осы химиялық немесе физикалық элементтің экологиялық қауіптілік дәрежесі. Жоғарыда көрсетілген сипаттамаларды қорыта келе, экологи- ялық тәуекел түсінігін тұжырымдауға болады. Экологиялық тәу- екел қоршаған ортаға ластайтын заттарды тастау немесе жоспар- ланбаған патологиялық табиғи ресурстардың сарқылуы арқылы зиян келтірумен түсіндіріледі. Ластаушы заттарды лақтыру және жоспарланбаған табиғи ре- сурстардың сарқылуын «экологиялық апат» терминімен анықтауға болады. Экологиялық тәуекелдерді басқарудың мәні, бір жағынан экологиялық апаттардың пайда болуының алдын алуы, екінші жағынан олардың теріс салдарын азайту. Экологиялық апаттардың пайда болуын алдын алу үшін негіз- гі көмектер арқылы жүзеге асады: - жоспарланған жобаларды іске асыруда экологиялық сал- дарды нақты болжау; - экологиялық таза жэне ресурс үнемдейтін технологиялар- ды әзірлеу және енгізу; - қоршаған ортаны ұқыпты үстағаны үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерді экономикалық ынталандыру; - қара ниетті кәсіпкерлерді әкімшілік-қүқықдық тежеу; - экологиялық білім беру мен насихаттауды кеңінен қолдану.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==