Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
3. Кэсігікерлік тәуекелдср 107 - қолданыстағы әдістермен салыстырғанда тауарды өндіру немесе қызмет көрсетуде неғұрлым арзан әдістерді енгізу. Мұндай инвестициялар осы технологияның жалғыз иегері бола отырып, кәсіпкерлік фирмаға уақытша үстеме пайда әкеледі. Осы жағдайда фирма тәуекелдің тек бір түрімен ғана соғтығысады - өндірілген тауарға дүрыс бағаламаумен байланысты. - жаңа тауарды немесе қызметті ескі жабдықтарда жасау. Бұл жағдайда жаңа тауарға деген сұранысты дүрыс багаламау не месе қызметтегі тауар сапасының сәйкес келмеу тәуекелі қосыла- ды немесе ескі жабдықтарды қолдануға байланысты қызмет тәуе- келі жатады. - жаңа техника және технологияларды қолдану арқылы өн- дірісте жаңа тауар мен қызмет көрсету кезінде. Осы жағдайда ин- новациялық тәуекел қамтиды: жаңа тауар немесе қызмет түрі са тып алушыны таба алмау қаупі; жаңа тауар мен қызмет үшін жаңа жабдықтар мен технологиялардың қажетті талаптарға сай келмеу қаупі; қүрылған жабдықгы сата алмау қаупі, өйткені ол сәтсіздік жағдайында басқа тауар шығаруға келмейді. Инновациялық тәуекел деңгейі айтарлықтай биік. Сәтсіздік- тер мен шығындардың болу қаупі басқаларға қарағанда әлдеқай- да жоғары. Инновациялық жобалардың онның төртеуі ғана сәтті аяқталады, ал қалған алтауы статистикалық деректерге сәйкес сәтсіз аяқталады. Сондықтан венчурлық компаниялар(инноваци- ялық жобаларды енгізумен, әзірлеумен айналысатын фирмалар) өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметтерін жоспарлаған кезде ең жоғарғы рентабельділік ставкаларын қолданады. Бақылау сүрактары және тапсырмалары 1. Ішкі тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз? 2. Ішкі экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында қандай тәуекелдер пайда болады? 3. Қаржылық және коммерциялық тәуекелдердің мағынасын ашыңыз? 4. Тәуекелдердің жоғарылауын анықтау қалай жүзеге асады?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==