Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
106 3® Тәуекел-менеджмент - сатып алушының нарықтық қабілеті; - жеткізушілердің нарықтық қабілеті; - әлеуметтік және саяси ортасы. Алайда, аталған қызмет істейтін саладағы жағдайлар , күтпе- ген кейде күрт өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызметтің кез келген түрінде салалық тәуекелді ескеріп отыру қажет. Іштен жану қозғалтқыштары мен моторларын ойлап табуына байланысты бу машиналарын қолданудан бас тарту;винил күйта- бақтарының лазерлік компакт-дискілер ауыстыруы; мәтінді ко- мыотерлік өндеу мүмкіндігі пайда болған соң баспа машиналарын нарықтан толық дерлік ығысгыру қүрылымдық өзгерістерге мы- сал бола алады. Қүрылымдық өзгерістердің әрдайым мынандай келеңсіз сал- дары болады: жекелеген өндірушілердің жойылуы, жаңадан пай да болған нарық үшін жосықсыз бәсекелестік күрес, жүмыссыз- дықтың артуы, қоғамның әлеуметтік және саяси түрақтылығының төмендеуі. Осының салдарынан кез келген кәсіпкер және менеджер бизнес тиімділігін сақтау үшін өзінің жұмысында салалық және қүрылымдық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Инновациялық тәуекелдер. Қазіргі экономиканың дамуы ғылыми-техникалық прогресспен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканың жылдам даму қарқынының арқасында іскерлік және экономикалық өмірде кәсіпкерлік қызметтің жаңатүрлері туында- п,нарықта жаңа тауарлар пайда болып, өндіріске жаңа технологи- ялар енгізілуде, тауарды жылжыту жарнамасының дәстүрлі емес әдістері игерілуде. Осыған байланысты бизнесте инновациялық тәуекелдер үлкен мәнге ие. Инновациялық тәуекел - бүл нарықта күткен сүранысқа ие бола алмайтын, өндіріске жаңа тауарлар мен қызметтерді іске қосу кезінде, өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ете алмай тын, жаңа технологияларды игеру кезінде туындайтын шығындар- дың ықтималдылығы. Инновациялық тәуекелдер келесідей жағдайларда туыадауы мүмкін:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==