Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Сурет 54. Тапсырмалар деңгейі Теңестіруді баптау параметрлерін сақтау үшін Ok батырмасын басу жеткілікті. Теңестіруді бастау үшін Level Now (Теңестіру)батырмасын басу керек. Егер теңестіру процессі тапсырма көрсетіліміндеіске қосылса, бағдарлама қосымша хабарлама берместен теңестіруді жүзеге асырады. Егер теңестіру процесі ресурс көрсетілімінде іске қосылса, бағдарлама қай ресурстарды,яғни барлығын немесе парақта ерекшеленіп таңдалып алынғандарын теңестіру керек екендігін нақтылайды. Entire pool (Барлық пул) таңдауымен артық қолжетімділікпен байланысты барлық ресурстар мен тапсырмалар теңестірілетін режим беріледі. Selected resources (Таңдалған ресурстар) таңдауымен тек бөлінген ресурстардың міндеттемелерітеңестірілетін режим орнатылады. Теңестірудің нәтижелері ресурс тізімінде де, жобаның күнтізбеліккестесінде де бейнеленеді. Ресурстар тізімінде артық жүктелген ресурстар саны азая алады. Күнтізбелік жоспарда тапсырманы орындау уақыты өзгеруі мүмкін. Жобаның кестесін қалай түзетуге болатынын түсіну үіпін, Leveling Gant (теңестірумен берілген Гант диаграммасы) көрсетілімін пайдалану ыңғайлы. 96

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==